AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Екібастұздағы ЖЭО-ға 1,1 млн теңге айыппұл салынды

Екібастұздағы ЖЭО-ға 1,1 млн теңге айыппұл салынды

Әлеумет 26.01.2023, 03:50 1,031 Almaty-akshamy
Екібастұздағы ЖЭО-ға 1,1 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: Ашық дереккөз

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жауапқа бірнеше рет тартылды


«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ға 1,1 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Технологиялық бұзушылықтың себебін анықтау үшін Екібастұз ЖЭО-да екі комиссия құрылды. Оның біріншісі ЖЭО-дағы, екіншісі жылу желілеріндегі бұзушылықтарды тексерді.


Атом және энергетикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Ринат Кәкімжановтың айтуынша, Екібастұз ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтың себебі: химиялық цех персоналы қоректендіру сорғыларын қате қосқан. Ал персоналдың аталған сорғыны қосуына импульстік желінің қатып қалуынан жылу желісінің кері құбырындағы қысымды көрсететін электрконтактілі монометрдің дұрыс көрсетпеуі себеп болған.


«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жауапқа бірнеше рет тартылды.


Алдымен, Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жазаланды. Атап айтқанда, 300-бабымен — электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың бекітілген ережелерін; электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын; тұтынушылардың электр қондырғыларының техникалық эксплуатациясын; энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзғаны үшін. 301-2-ші бабымен – технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы талаптарды бұзғаны үшін.


Осыдан кейін ЖШС жоспардан тыс тексеру кезінде жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 300-бабы – «Жылу желілерін техникалық эксплуатациялаудың бекітілген ережелерін бұзғаны» үшін айыппұл арқалады.


Істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдар сомасы 1 110 750 теңгені құрады.


Еске сала кетейік, өткен жылы 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#екібастұз #жэо #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);