AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе беріледі

Екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе беріледі

Мәдениет 14.08.2026, 16:07 335
Екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе беріледі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Архивтерге жаңа мәртебе 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап беріледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанада мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссияның отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне аталған мәртебені беру туралы шешім қабылданды.

Комиссия архивтердің Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалады. Бұл ретте архив ісін дамытуға қосқан үлесі, тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар құжаттардың сақталуын әрі қолжетімділігін қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ материалдық-техникалық және цифрлық инфрақұрылымының жай-күйі ескерілді.

Айта кетейік, «Ұлттық» мәртебе қызметі мемлекет пен қоғам үшін айрықша маңызға ие мемлекеттік архивтерге беріледі.

Жаңа мәртебе аталған архивтердің еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, архив қорларын цифрландыру, құнды құжаттарды ғылыми айналымға енгізу және архив ісін одан әрі дамытудағы ерекше орнын айқындай түседі. Архивтерге жаңа мәртебе 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдени нысандар #архивтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);