ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ЕАЭО импорт рәсімдерін жеңілдететін болды

ЕАЭО импорт рәсімдерін жеңілдететін болды

Әлеумет 07.04.2022, 07:38 1,297
ЕАЭО импорт рәсімдерін жеңілдететін болды
Сурет: Gov.kz
Кеңестің отырысында осындай шешім қабылданды.

Кеңестің отырысында осындай шешім қабылданды.


Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезектен тыс отырысында 917 тауар түріне арналған кедендік әкелу баждарын нөлдеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың айтуынша, тізбеге азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған құрауыштар, буып-түю материалдары, химиялық өнімдер, көлік құралдарын өндіруге және жөндеуге арналған құрауыштар кірді.



«Бұдан басқа, ЕАЭО елдерінің автоөндірушілерін қолдау мақсатында ЕЭК кеңесі оларға ЕАЭО техникалық регламентінің бірыңғай талаптарынан өзгеше ұлттық заңнама талаптары бойынша автомобильдер шығаруға 2023 жылғы 1 ақпанға дейін уақытша негізде рұқсат берді», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Атап айтқанда, елдерге көлік құралдарының экологиялық класы (қазіргі уақытта тек К-5 экологиялық класты автомобильдерді шығару қажет), пассивті қауіпсіздік құралдарымен (ESP), жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен (ГЛОНАСС), микрочиптерді қолдану мүмкін еместігі (жартылай өткізгіштердің болмауы), рульдік басқару құралдары, белсенді қорғаныс бойынша талаптарды қолдану жөніндегі шешімдерді өз бетінше қабылдау ұсынылды.


Оңайлатылған талаптар бойынша шығарылған автомобильдер тек өндіруші елдің аумағында ғана айналысқа түсе алады. Сондай-ақ басқа мүше мемлекет тұлғаларының осындай көлік құралдарын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдалану, иелену және оларға билік ету құқықтарын іске асыруына жол берілмейді. Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ЕАЭО техрегламентінің бірыңғай талаптарына сәйкес келмейтін автомобильдердің шекараны кесіп өтпеуін бақылауды олар өндірілген елге жүктеледі.


ЕЭК Кеңесінің отырысы барысында ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаларын оңайлату туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, біз тауарлардың шығу тегі туралы преференциялы емес сертификаттардың көшірмелерін пайдалануға рұқсат беру, сертификаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды жеңілдету және т.б. туралы айтып отырмыз.


Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің келесі кезекті отырысы 15 сәуірде өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.