AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / ЕАЭО елдері ортақ электр энергетикалық нарық құрад...

ЕАЭО елдері ортақ электр энергетикалық нарық құрады

Экономика 19.01.2022, 10:27 1,590
ЕАЭО елдері ортақ электр энергетикалық нарық құрады
Сурет: Inform.kz

ЕАЭО елдері ортақ электр-энергетикалық нарық қалыптастыруды көздеп отыр


Осыған орай салалық ведомствоның басшысы Болат Ақшолақов Қазақстан Парламенті Мәжілісінің отырысында тиісті хаттаманы мақұлдау қандай экономикалық нәтиже алып келетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның сөзінше, құжатқа сәйкес ел экономикасына оң әсер ететін жаңа ережелер қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ бірыңғай экономикалық кеңістіктегі елдердің ортақ жүйесін құру Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен өтетінін тілге тиек етті. Бұл ретте өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімі сақталатын болады. Бұған қоса сала мамандары тең құқықтық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне қаржылық залал келтірмеу негізінде ынтымақтастық орнату үшін жағдайлар жасайды.



«Экономикалық тиімділік жөнінде айтар болсақ, Қазақстанның энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін одаққа мүше елдер, сондай-ақ шекаралас мемлекеттермен өзара іс-қимыл бойынша әзірленген дұрыс және нақты ережелердің болуы тиіс. Бұл тікелей бағаның өсуіне алып келмейді. Себебі онда осыған бағытталған ережелер қарастырылған», - деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.



.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Энергетикалық нарық #экономика #хаттама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);