Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Дүниежүзілік банк өкілдері Аралды қалпына келтіру...

Дүниежүзілік банк өкілдері Аралды қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне қатысуға дайын

Әлеумет 13.09.2024, 18:13 1,322
Дүниежүзілік банк өкілдері Аралды қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне қатысуға дайын
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Еуропа мен Орталық Азиядағы су ресурстарын басқарудың жаһандық практикасы жетекшісі Уинстон Ю бастаған Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы елімізге инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырған болатын.

Дүниежүзілік банк өкілдері Арал теңізін қалпына келтірудің Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін де маңызы жоғары екенін және жобаның бірінші кезеңі сәтті жүзеге асқанын атап өтті. Айтуынша, әлемдік қауымдастық теңіздің тағдырына алаңдаушылық танытуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстанға өңірлік бағдарламаны әзірлеуге қатысуды ұсынды, оның шеңберінде Орталық Азияның барлық мемлекеттерінде ұқсас жобалар іске асырылатын болады. Мұндай жоба аясында ирригация және дренаж жүйелерін жаңғырту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға болатынын атап өтті.

Нұржан Нұржігітов өз кезегінде Дүниежүзілік банк өкілдеріне трансшекаралық өзендердегі су ресурстарын есепке алу мен мониторинг жұмысын автоматтандыру бойынша жұмысқа қосылуды ұсынды.

«Біз Дүниежүзілік банкпен және басқа да халықаралық қаржы институттарымен ұзақ және табысты жұмыс істеп келеміз. Арал теңізін сақтау секілді шын мәнінде ауқымды жобаларды іске асыруға шетелдік әріптестерімізді белсенді тартамыз, сондай-ақ көрші елдермен де өзара іс-қимыл жасаймыз. Дүниежүзілік банкпен жобаның екінші кезеңіндегі бірлескен жұмысымыз алғашқы кезең нәтижесіне сай табысты болады деп сенемін»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дүниежүзілік банк #Арал #қалпына келтіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.