ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / ДСМ жанынан МӘМС-ті жетілдіру бойынша үйлестіру ке...

ДСМ жанынан МӘМС-ті жетілдіру бойынша үйлестіру кеңесі құрылады

Медицина 13.09.2024, 17:30 843
ДСМ жанынан МӘМС-ті жетілдіру бойынша үйлестіру кеңесі құрылады
Сурет: Gov.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) осы жылдың сегіз айындағы қызметі туралы есебі тыңдалды.

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) осы жылдың сегіз айындағы қызметі туралы есебі тыңдалды.

Отырысқа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қоғамдық кеңес төрағасы Надежда Петухова, сонымен қатар кеңес мүшелері, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Отырыс шеңберінде ситуациялық-талдау орталығы (СТО) мен Saqtandyru ақпараттық жүйесінің жұмысы жария етілді.

Қордың басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов өз есебінде медициналық қызметтерді сатып алу процестерін автоматтандыру нәтижелері және медициналық қызметке тарифтерді қайта қарау туралы баяндады. Бес бағыт бойынша жаңа тарифтер күшіне енді, ал тоғыз қосымша бағыт бойынша қайта қарау қыркүйек айында бітеді, деді қор басшысы.

Министр медициналық қызметтерге тарифті жетілдіру және қаржыландыруды оңтайландыру бойынша міндеттерді үнемі қадағалауда ұстауды тапсырды және денсаулық сақтау жүйесін басқару үшін алдағы уақытта цифрлық құралдарды дамыту, медициналық ұйымдарда дер кезінде төлем жасау маңыздылығын атап өтті. Министр сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС) жетілдіру бойынша үйлестіру кеңесін құру жайын мәлімдеді.

Қоғамдық кеңес төрағасы Надежда Петухова азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік алу маңыздылығын айта келе сақтандырылмаған азаматтармен белсенді жұмыс жүргізуге назар аудартты.

Отырысқа қатысушылар медициналық қызметтердің сапасын қадағалау мен қаржыландыру, цифрландыруды жақсартуға ерекше көңіл бөле келе, Мемлекет басшысы қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін күш біріктіруге дайын екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.