Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Домбыра шерткен Данил 

Домбыра шерткен Данил 

Әлеумет 07.07.2024, 12:01 1,030
Домбыра шерткен Данил 
almaty-akshamy.kz

Алып мегаполистің қоғамдық тәртібін қамтамасыз ететін 5571 әскери бөлімінде Ұлттық домбыра күні сарбаздар арасында «Күй күмбірі» атты шағын байқау ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылығымыздың мәртебесін көтеру, насихаттау.

Мереке күні сарбаздар ұлттық аспабымыздың тарихы жайында әңгімеледі. Артынша өнерлі ұландық жауынгерлер домбыра шанағынан бірінен соң бірі күмбірлетіп күй төкті. «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа», «Адай» сынды кеңінен танымал күйлер шертілді. 

Бұл жарыста Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының сарбазы қатардағы жауынгер Данил Отт ерекше көзге түсті. Шешен ұлтының өкілі болса да, қазақтың қоңыр үнді домбырасының құлағында ойнап, жиналғандарды ерекше тәнті етті. Ол әскерге Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан шақырылған. Азаматтық борышын өтеп жүргеніне 7 айдан асыпты.

– Мен алғаш әскерге келгенде, ең алдымен анамның қадірін жақсы түсіндім. Мені осы уақытқа дейін тәрбиелеп өсіргені үшін анама шексіз алғысымды білдіремін. Анаммен кездесер күнді асыға күтудемін. Әскерге келгелі алдымен әдеп пен тәртіпті үйрендім. Мойныма артылған жауапкершілікті жете түсіндім. Әскери тәртіп менің азамат ретінде толық қалыптасуыма мүмкіндік беріп жатыр. Алғаш әскер қатарына қабылданған сәтім мен қазіргі кезімді салыстырмалы түрде саралайтын болсам, өзімнен үлкен өзгерістер байқалады. Әскери тәртіпке үйретіп, осы салада бағыт-бағдар беріп жүрген командирлеріме де алғысым шексіз. Ал домбыра шертуді бала күнімнен жақсы көремін. Мектепте оқып жүргенде қатарластырыммен түрлі жарыстарға қатысатынбыз, қызығушылығым  содан басталды, – дейді Данил. 
 

Іс-шара соңында 5571 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Баймағұлов сахна төріне көтеріліп, байқауға қатысқан, өнерге жақын сарбаздарға ризашылығын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #сарбаз #Күй күмбірі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.