ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Білім және ғылым 01.11.2021, 06:39 1,738
Докторантураға  түсуге құжат қабылдау басталды
Сурет: Ernur.kz
Бүгін докторантураға түсу үшін екінші емтиханға құжаттарды қабылдау басталды

Бүгін докторантураға түсу үшін екінші емтиханға құжаттарды қабылдау басталды


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Құжаттар 2021 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға оқуға түсу бойынша өзгерістер енгізілгені туралы жазған болатын. Енді құжаттарды қабылдау жылына екі рет жүргізіледі. Конкурсқа жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын-соңды түсу емтиханын тапсыра алмағандар да қатыса алады.


«Биыл докторантураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Енді докторантураға қабылдау «1 оқуға түсуші - 1 компьютер - 1 камера» қағидаты бойынша өңірлік тестілеу орталықтарында электрондық форматта өтетін түсу емтиханының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шара емтихан тапсыру кезінде ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз етуге бағытталған», - деді министрліктен.


Қабылдау емтиханы: эссе жазу, докторантурада оқуға дайындық тестілеуі және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша кезеңдерден тұрады. Екінші түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.


Қабылдау емтиханы 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді. Айта кетейік, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды. Докторантураға оқуға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.