AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Докторантураға түсуге емтихан тапсыру басталды

Докторантураға түсуге емтихан тапсыру басталды

Білім және ғылым 28.11.2023, 13:11 1,476
Докторантураға түсуге емтихан тапсыру басталды
Сурет: интернеттен

Өтініш қабылдау 25 қазан – 10 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізілді.


Бүгін басталған сынақ 2 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Докторантураға түсу емтихандарына 1060 адам қатысады.


"Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді.


Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды.


Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды", – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


Атап өтсек, 2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергендігі туралы сертификаттан бөлек, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификатты ұсыну қажет.


Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Оны жеке кабинетте көруге болады. Докторантураға түсетін азаматтарға 700-ден астам грант бөлінген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#докторантура #сынақ #емтихан #Эссе #тест #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);