AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Динара Құлыбаеваның Швейцариядағы жылжымайтын мүлі...

Динара Құлыбаеваның Швейцариядағы жылжымайтын мүлік мәмілелері прокуратураның назарына ілікті

Заң мен тəртіп 13.02.2025, 07:10 2,171 dulatbekova
Динара Құлыбаеваның Швейцариядағы жылжымайтын мүлік мәмілелері прокуратураның назарына ілікті
Сурет: ЖИ

Швейцарияның Женева прокуратурасы 2019-2020 жылдары Динара Құлыбаева жасаған жылжымайтын мүлік мәмілелерін тексеруде.

Ол – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Le Temps басылымының мәліметінше, Құлыбаева Женевада жалпы құны 126 миллион швейцар франкін (қазіргі бағаммен 69,7 миллиард теңге) құрайтын үш нысанды сатып алған. Қазір жергілікті құқық қорғау органдары бұл қаражаттың қайдан келгенін анықтауға тырысуда. Қаражат аударылған швейцариялық REYL Intesa Sanpaolo банкі де олардың шығу тегіне күмәнмен қарап отыр.

Динара Құлыбаева бұған дейін де Швейцарияда қымбат жылжымайтын мүлікке инвестиция салған. 2009 жылы ол Женевадағы Аньере қалашығынан 74,7 миллион франкқа (сол уақыт үшін рекордтық сома) сәнді сарай сатып алған. Ал 2019 жылы Швейцарияда тұрақты тұруға рұқсат алғаннан кейін, жылжымайтын мүлікке ірі көлемде қаражат құя бастады.

Құлыбаева сатып алған ең құнды нысандардың бірі – 1666 жылы Савойя герцогі Карл-Эммануил II үшін салынған Бельрив сарайы. Ол 2022 жылы 106 миллион франкқа (58,6 миллиард теңге) бағаланды. 2023 жылы бұл тарихи ғимарат Женева кантоны үшін аса маңызды мәдени мұра мәртебесіне ие болды.

Бельрив сарайынан бөлек, Құлыбаева көрші жер телімін де 44 миллион франкқа сатып алған. Қазір бұл аумақта оның Montes Alti қайырымдылық қорының штаб-пәтері орналасқан. Жалпы алғанда, 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың шілдесіне дейін ол Женева маңында 62 мың шаршы метр элиталық жылжымайтын мүлікке иелік еткен.

Алғашында бұл мәмілелер Швейцария билігінің күдігін тудырмаған. Алайда кейінгі уақытта олардың заңдылығы қайта қарала бастады. Құлыбаеваның адвокаты оның барлық қаражаты заңды жолмен келгенін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құлыбаева #Швейцария #Жылжымайтын мүлік #прокуратура #назарына ілігу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);