ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Димаштың Алматыда өткен концерті қала қазынасын то...

Димаштың Алматыда өткен концерті қала қазынасын толықтырды

Экономика 29.09.2022, 11:15 1,931
Димаштың Алматыда өткен концерті қала қазынасын толықтырды
Сурет: Ulysmedia.kz
Жаһан жұртын тамсандырған Димаш Құдайберген өнері арқылы Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай, ел экономикасына да табыс әкеліп отыр - экономист, қаржыгерлер.

Жаһан жұртын тамсандырған Димаш Құдайберген өнері арқылы Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай, ел экономикасына да табыс әкеліп отыр - экономист, қаржыгерлер.


Әншінің Алматыдағы шоу концертіне 6 мыңнан астам шетелдік мейман келген. Олар алып шаһардың әсем жерлерін аралап, қазақтың салт-дәстүрімен танысты. Естелікке ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен әнші бейнеленген сыйлықтар алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Норма Чавес - Димаштың Америкадан келген жанкүйері. Қазақстанға алғаш рет табан тіреуі. "Stranger" концертінен алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес", - дейді ол. Осы саяхатқа бас-аяғы 5 мың доллар жұмсағанын айтады.



«Димаштың кешіне афиша шыққан кезде бірден концерттің және ұшақ билетін сатып алдым. Қонақ үй таңдадым. 20 қыркүйекте Алматыға келдім. Сол уақыттан бері қаланың біраз көрікті жерін араладым. Қаржымның көп бөлігін қонақ үй мен билет шығындарына жұмсадым», - дейді  АҚШ-тан келген Димаштың жанкүйері Норма Чавес. 



Бұл ретте, концерт алдында қаладағы 4-5 жұлдызды қонақ үйлердің көбі лық толды. Ауқымды кештің арқасында осы салаға да біраз кіріс келгені жасырын емес.


«Stranger» концертіне әлемнің 68 мемлекетінен 6 мыңнан астам турист келген. Олардың басым бөлігі тоқтаған. Алматыдағы 4-5 жұлдызды қонақ үйлердің орташа бағасы тәулігіне 40 мың теңгеден асады. Концерт билеттерінің құны 8 мыңнан басталып, 40 мыңға дейін жетті. Шетелдіктер шаһардың көрікті жерлерін тамашалады. Экономистердің есебінше, Алматыға сапары кезінде бір турист кемі 1 мың доллар жұмсап, қала бюджетін айтарлықтай толықтырды.



«Туристердің бірінші кезекте пайда келтіретін саласы - ол қонақ үй, қызмет көрсету саласы. Пандемиядан кейін бұл салалар бізде қиналып қалған. Осы Димаштың концерті сияқты әлемдік дәрежедегі концерттердің ұйымдастырылуы бұл салаға қосымша дем береді деп айтуға негіз бар. Димаштың концертіне келген азаматтар доллармен келеді. Олар еуромен келеді. Оның бізге пайдасы да өте жоғары, себебі, шетелден көк қағаздың келіп жатқаны теңгенің тұрақты болуына белгілі бір дәрежеде үлесін береді деп айтуға негіз бар», - дейді экономист Мақсат Халық. 



Музыка, кино, дизайн, жарнама, сән бизнесінен елге келетін табысты креативті экономика дейді. Бұл салаларда Қазақстанда 285 мың адам еңбек етіп жүр. Ал белгілі сарапшылар әлемді әнімен тербеген Димаш Құдайбергенді ұлттық компаниялар сияқты экономикаға орасан зор пайда әкелетін брендке айналды деп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.