AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Депутат Нартай Аралбайұлы ауылдардағы мектептердің...

Депутат Нартай Аралбайұлы ауылдардағы мектептердің жабылып жатқанына дабыл қақты

Білім және ғылым 11.06.2025, 16:48 673 Сұлу
Депутат Нартай Аралбайұлы ауылдардағы мектептердің жабылып жатқанына дабыл қақты
gov.kz

Бүгін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев ауылдардағы мектептердің жабылуына қатысты премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа сауал жолдады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Депутаттың айтуынша, бала санының аздығына байланысты Батыс Қазақстан облысында кейінгі үш жылда 12 бастауыш мектеп жабылған, ал 2024 жылы 4 бастауыш мектеп таратылған. 

"Қазір бір қауіпті тенденция бар, ауылындағы мектеп жабылғандықтан басқа елді-мекенге мәжбүрлі түрде оқуға аттанған оқушылардың ата-аналары да көшіп жатыр. Ал адамы көшкен  ауылдың картадан өшетіні белгілі. Бұл Қазақстанға үлкен қатер төндіреді, бір ғана дерек айтайын: соңғы 5 жылда елімізде 194 ауыл жабылып қалды. Бүгінгідей бұйрықтың бұйдасымен кете берсек бұл сан көбейетіні анық. Себебі мектептің жұмыс істеп тұруы үшін белгіленген ең аз оқушы санына сұрақ жетіп артылады. Өйткені бір өңірде адам көп, бір өңірде адам аз. Сондықтан бір стандартта бәріне бірдей таңу қате. Ендеше аталған нормативтерді қайта қарайтын кез келді. Себебі Батыс Қазақстан облысының Ресей Федерациясымен шектесетін 8 ауданының 7-інде бала санының аздығына байланысты мектептер жабылмақшы. Нормативке өзгеріс енгізбесек тағы 13 мектепті толық көлемде сақтап қала алмаймыз", - дейді ол. 

Сондай-ақ, депутат мынадай ұсыныс айтты.

"Осыған орай нақты ұсыныс: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 6 мамырдағы №185 "Халықтың тығыздығына және елді-мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы" бұйрығында көрсетілген 2.2., 2.3., 2.4. - тармақтарын "ерекше жағдайда деген тіркеспен толықтыру немесе шекара маңында орналасқан мектептер үшін аталмыш тармақтарда белгіленген нормативтердің шегін азайтуды ұсынамын. Әйтпесе шекаралық ауылдар мектепсіз қалады, салдарынан ел көшеді, жер иесіз болады. Ал "бос жатқан жер жау шақырады", бұл қазақтың сөзі", - деді ол. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #мектеп #нартай аралбайұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);