AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйым...

Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастау ұсынды

Саясат 25.02.2026, 17:01 257 Сұлу
Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастау ұсынды
depositphotos.com

Қазақстанда көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастау ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстанда 36 мыңнан аса жол апаты тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп.

"Жол апаты салдарынан 51 мыңнан аса адам зардап шегіп, шамамен 2,5 мың азамат қаза тапқан", - деді ол.

Депутаттың сөзінше, бүгінде автокөлік саласы қаржы тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Жыл сайын қажет болатын қаржы мөлшері - шамамен 1,9 трлн теңге, ал нақты бөлінетін қаражат - тек 1 трлн теңге шамасында. Республика бюджетінен жалпы пайдалануға арналған тасжолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға жыл сайын шамамен 44 млрд теңге бөлінеді. Бұл қазіргі жүктеме мен тозған жолдарды толық жаба алмайды.

Депутат Қазақстанға Жол қоры қажет екенін де мәлімдеді.

"Ол республикалық жолдарды салу, күтіп ұстау және жаңғыртуға бағытталады. Халықаралық тәжірибе мұндай тәсілдің тиімділігін растайды. Жол қорын толықтыру көздері ретінде төлем механизмдері, транзиттік алымдар, ақылы жол учаскелерін дамыту, жол бойындағы қызмет көрсету және басқа салыққа жатпайтын кірістер қарастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, көліктің әйнегін қараңғылауға арналған ақылы рұқсат механизмін енгізу де ұсынылады", - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);