ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық...

Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

Саясат 26.01.2026, 17:57 150
Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды
Сурет: Конституциялық сот
Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы...

Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында айтты.

Депутат конституциялық реформа арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының заңды іргетасын қаланып жатқанын атап өтті.

«Тарихқа үңілсек, бабаларымыз «Жеті жарғыны» қабылдағанда да, Күлтөбенің басында күнде кеңес құрғанда да, басты мақсат – елдің тұтастығы мен әділдігі болған. Бүгінгі біздің саяси реформадағы негізгі міндетіміз – халықтың мүддесін қорғайтын, уақыт сынына төтеп беретін мінсіз заңнамалық жүйе құру. Бұл − жай ғана құжаттарды реттеу емес, бұл − ел тағдырын шешетін жауапты қадам», - деді Серік Егізбаев.

Оның пікірінше, қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Осы жолдағы ең басты стратегиялық қадам − бірпалаталы Парламент моделіне бет бұру және сайлау жүйесін толық пропорционалды негізге, яғни партиялық тізімдерге көшіру болмақ.

«Бұрын депутат жеке тұлға ретінде ғана жауапты болса, енді ол үлкен саяси ұйымның, нақты идеология мен партиялық бағдарламаның атынан сөйлейді. Мемлекет басшысының өз квоталарынан бас тартып, өкілеттіліктерді Парламентке беруі − саяси партияларға артылған үлкен сенім әрі зор жауапкершілік», - деп толықтырды депутат. 

Қаңтар айында «Ауыл» партиясының депутаттық тобы барлық 20 өңірді аралап, шаруалармен кездескен.

«Тіпті ең шалғай ауылдардың өзінде тұрғындар Парламент пен Үкіметтің жұмысына мұқият назар аударып отыр. Ал Конституциялық реформа бойынша түскен екі мыңнан астам ұсыныс — жай ғана статистика емес. Бұл — қоғамның жаңаруға, демократиялық бастамаларды күшейтуге және әділдікке деген тікелей сұранысы. Халық күтіп отыр, халық сеніп отыр және бұл үміттерді ақтамауға құқымыз жоқ. Халықтың аманаты бізден құқықтық жүйені жаңартып қана қоймай, оған түбегейлі жаңа, заманауи мазмұн беруді талап етеді», - дейді Комиссия мүшесі.

Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты экологиялық құндылықтарды Ата Заң деңгейінде ұлттық басымдық ретінде бекітуді, Конституция преамбуласын жаңа редакцияда қабылдауды, 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетін енгізуді және 61-бап бойынша экологияны қорғау заңдарын реттеу құзыретін нығайтуды ұсынып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.