AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Депутат барлық мектепте антибуллинг бағдарламасын...

Депутат барлық мектепте антибуллинг бағдарламасын енгізуді ұсынды

Заң мен тəртіп 17.09.2025, 17:06 632 Сұлу
Депутат барлық мектепте антибуллинг бағдарламасын енгізуді ұсынды
depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен қайғылы оқиғаларды көтерді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

15 күнде – 3 қаза

Жамбыл облысында оқу жылы басталғалы үш жасөспірім түрлі жанжал салдарынан көз жұмған.

  • Таразда 9-сынып оқушысы мектеп дәретханасында төбелес кезінде қаза тапты.

  • Шу ауданында футбол ойыны кезінде туған жанжалдың соңы 10-сынып оқушысының өліміне әкелді.

  • Ал 1 қыркүйекте колледжге енді түскен студент қатарласын пышақтап өлтірген.

"Бас-аяғы 15 күннің ішінде бір ғана өңірде 3 бірдей оқушының кісі қолынан ажал құшуы – дабыл қағарлық жағдай!" – деді депутат.

Ресми статистика

2024 жылы жасөспірімдердің қатысуымен 1 973 қылмыс тіркелсе, оның ішінде 130-ы - аса ауыр қылмыс. Ал биылғы сегіз айда 938 қылмыс болған. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш былтырдан да асып түсуі мүмкін.

Қылмыстың көбі Шымкент (131), Алматы (115) және Астана (92) қалаларында тіркелген.

Себеп неде?

Депутат жағдайдың ушығуына бірнеше факторды атады:

  • мектептерде тәрбие жұмысының қағаз жүзінде қалып қоюы;

  • балалардың эмоциясын басқару дағдысының дамымауы;

  • мектеп психологтарының жеткіліксіздігі;

  • ювенал полиция мен комиссиялардың формалды жұмысы;

  • ата-аналардың жауапкершілігінің төмендігі;

  • смартфонға тәуелділік.

Ұсыныстар

Елнұр Бейсенбаев бұл жағдайды тоқтату үшін мынадай шараларды ұсынды:

  1. Барлық мектепке антибуллингтік бағдарламаны енгізу.

  2. Психологиялық көмек қызметін күшейтіп, балаларға эмоцияны басқару мен жанжалдың алдын алу дағдыларын үйрету.

  3. Спорттық және көпшілік іс-шараларды құндылықтарға тәрбиелеу мен командалық рухты арттыруға бағыттау.

  4. Мектептерде смартфон пайдалануды шектеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #мектеп #буллинг #антибуллинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);