ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Ресми бөлім / Депутат Бәпи Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынд...

Депутат Бәпи Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды

Ресми бөлім 29.05.2025, 12:39 641
Депутат Бәпи Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды
Parlament.kz
Депутат Ермұрат Бәпи Мәжіліс отырысында Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Депутат Ермұрат Бәпи Мәжіліс отырысында Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Депутаттық сауалын ол қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа жолдады. 

"Елдің тәуелсіздігін танытатын ресми рәміздер – Ту, Елтаңба, Елұраннан басқа да маңызды қосымша атрибуттар бар. Мәселен, Ұлттық музей, Ұлттық Академия, Ұлттық кітапхана, Ұлттық театр, т.т. Елдің бірегейлігін және жас ұрпақты патриоттық пен ата-бабалар ерлігі рухында тәрбиелеу мақсатында теңдессіз таным орталығы – бұл Ұлттық қару-жарақ музейі немесе Ұлттық қару-жарақ палатасы болар еді", - деді ол.   

Ол қай елдерде мұндай музей барын айтты. 

 "Францияда Орта ғасырдан бергі әскери тарихтың куәсі – Париж әскери музейі бар. Лондондағы Корольдік қару-жарақ палатасы мен Империялық әскери музейі британдық елдік пен ерліктің ерен үлгісін паш етеді. Сол сияқты, Ресейде Кремльдің қару-жарақ палатасы әлемге әйгілі. Көршілес Өзбекстанда Әмір Темір мұражайының бір бөлігі қару-жараққа арналған. Бакудегі Әзірбайжан көшпенділер музейі Түркі мәдениетінің қару-жарағын дәріптеу орталығы саналады", - дейді Бәпи. 

Оның айтуынша, тәуелсіз Қазақстанда мұндай ұлттық нақыштағы қару-жарақ музейі атымен жоқ.

"Осындай сұрақтардың негізінде, сіздерден Қазастанда Ұлттық қару-жарақ музейін ашу қажеттігі жөніндегі мүмкіндіктерді бағамдап, Парламент депутаттарына тұжырымды жауап беруді сұраймын. Бұл жауап ресейлік музейдің филиалына байланысты туындаған қоғамдағы қажетсіз қозғалыстың буын басуға ықпал етуі тиіс деп есептеймін!" - дейді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.