ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына...

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына Салидат Қайырбекованың аты берілді

Медицина 06.08.2021, 13:46 1,817
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына Салидат Қайырбекованың аты берілді
24.kz
ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК болып қайта аталды, деп...

ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК болып қайта аталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


ДСДРО 1994 жылы Алматыда Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемаларының ғылыми орталығы болып құрылды. Орталықтың құқықтық мирасқоры – Денсаулық сақтауды дамыту институты Астанаға көшіріліп, 2011 жылы Республикалық ақпараттық-талдау орталығымен бірігу арқылы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы атауын алды. Орталық қызметіндегі маңызды бағыттардың бастауында Салидат Қайырбекова тұрды, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.



«Тәуелсіз Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің даму тарихында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Зекенқызы Қайырбекованың рөлі ерекше.  Салидат Зекенқызы қатардағы дәрігер-невропатологтан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріне дейін, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінен өтті. Терең кәсіби білімі, ұйымдастырушылық қабілеті, көшбасшылық қасиеті мен жауапкершілік, ойлау өткірлігі, қарапайымдылығының арқасында Салидат Зекенқызы ҚР Денсаулық сақтау жүйесін дамыту жолында күрделі міндеттерді шешіп, тиімді команда құра алды, сондай-ақ медициналық ортада жоғары беделге ие бола білді», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.



Қазақстан Республикасының алғашқы Денсаулық сақтау әйел-министрі, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, денсаулық сақтау саласындағы қайраткер, медицина ғылымдарының докторы С. Қайырбекова өз өмірін халыққа қызмет ету жолына арнады, отандық денсаулық сақтау саласына зор еңбек сіңірді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.