ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың тұжырымд...

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды 

Медицина 11.06.2024, 12:44 1,134
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды 
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Үкіметте Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Тұжырымдаманы іске асыру денсаулық сақтау инфрақұрылымы...

Үкіметте Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
  
Тұжырымдаманы іске асыру денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарының тозуын 30%-ға дейін, үлгілік емес (бейімделген нысандардың) үлесін 25%-ға дейін төмендетуге, медициналық нысандардың жарақтандырылуын 88%-ға дейін ұлғайтуға және оларды нормативтерге сәйкес білікті медицина кадрларымен   қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Бүгінде Қазақстанда 7 337 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны медициналық қызмет көрсетеді: 663 – стационарлық, тағы 6 674 – алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны. Соңғы 5 жылда 400-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды және 4000-нан астам денсаулық сақтау нысаны жөнделді. 261 млрд теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды. Алайда, тозудың жоғары деңгейі өзекті мәселе болып қалып отыр. 

Тұжырымдама шеңберінде инфрақұрылымды жоспарлау процесі ұзақ мерзімді демографиялық болжамдарға, сырқаттанушылық көрсеткіштеріне және халық құрылымына негізделетін болады. Төсек-орын қорын қайта құрылымдау және денсаулық сақтау инфрақұрылымын нормативтерге сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
 
Нақты уақыт режимінде ұтымды жоспарлауды, бақылауды және мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтау инфрақұрылымының цифрлық картасы әзірленетін болады.
 
Тұжырымдаманы іске асырудың 1 кезеңі денсаулық сақтаудың негізгі жүйе құраушы нысандарын жобалауды аяқтап, құрылысын бастауды қамтиды. Бұл 11 440 төсек-орындық 34 негізгі жобалар. Аймақтар заманауи көпсалалы мекемелермен қамтамасыз етіледі: 6 университеттік клиника, 14 аурухана, 11 перинаталдық және 3 ұлттық орталық. Сондай-ақ денсаулық сақтаудың басқа да объектілерін күрделі жөндеу және жарақтандыру жұмыстары жалғастырылады. 

2 кезеңде жаңа құрылыс, жөндеу және қосымша жарақтандыру жолымен 2,5 мың медициналық нысанды жаңғыртуды жалғастыру көзделген.

Тұжырымдама шеңберінде балаларға мамандандырылған және шұғыл көмек көрсететін төсек-орындарының тапшылығын жабу жөніндегі шаралар да пысықталатын болады. Оның ішінде 200 төсек-орындық балалар онкологиясы және гематология орталығының, 200 төсек-орындық балалар хирургиясы орталығының, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жанындағы 200 төсек-орындық балалар корпусының, сондай-ақ Алматыдағы Инновациялық хирургия орталығының құрылысы қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.