AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады

«Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады

Не? Қайда? Қашан? 22.05.2022, 08:59 2,333
«Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанда «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қайта құрылмақ. Мұндай бастаманы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көтеріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Қазіргі уақытта Кино орталығы танымал кинематографистермен бірлесіп, ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрылымында болған «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құру бастамасын көтерді. Бұл мәселе бүгінде барынша өзекті деп санаймыз», - деп атап өткен еді ұйымның баспасөз қызметі агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.



Ал «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың айтуынша, бұл үшін аталған бірлестіктің құрылымына, қаржыландырылуына және қызметіне қатысты мәселелерді шешу қажет.



«Біз бұл идеяның негізгі бастамашысы ретінде қазірдің өзінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен әңгімелестік және де министрліктен болашақ бірлестіктің заңды мәртебесін келісуді сұрайтын боламыз», - деді Есетжан Қосыбаев.



Естеріңізге сала кетейік, «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі отыз жылға жуық уақыт бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрамында жұмыс істеді. Бірлестіктің басты міндеті кино саласына сүбелі үлес қоса алатын жас таланттарды анықтау болатын.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино орталығы #қазақфильм #шығармашылық-өндірістік бірлестігі #Дебют
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);