ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / ДДҰ:: Әлемде КВИ жұқтырғандар саны 420 миллионнан...

ДДҰ:: Әлемде КВИ жұқтырғандар саны 420 миллионнан асты

Әлем 18.02.2022, 12:56 1,455
ДДҰ:: Әлемде КВИ жұқтырғандар саны 420 миллионнан асты
inform.kz
ДДҰ-ның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 420 миллионнан асқан, ал індеттен қайтыс болғандар саны 6 миллионға жуықтаған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz...

ДДҰ-ның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 420 миллионнан асқан, ал індеттен қайтыс болғандар саны 6 миллионға жуықтаған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



Коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионнан асқан мемлекеттер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. Соның ішінде, АҚШ вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша әлі көш басында тұр.


ДДҰ-ның дерегінше, әлем бойынша қаңтардың тек соңғы аптасында тіркелгендер саны 22 млн-нан асқан. Бұл жалпы пандемия кезіндегі жұқтыру саны бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Ал ақпан айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының төмендегені байқалған.


Жаппай вакциналау Еуропа елдеріне бірқатар коронавирустық шектеуді алып тастауға мүмкіндік беруде. Соның ішінде, Аустрия, Швейцария және Германия мемлекеттері шектеу шараларын жеңілдетуді жоспарлап отыр. Ал Ұлыбританияда коронавируспен ауруханаға түскен науқастар саны азайып келеді.



Халқының көпшілігі вакциналанған Еуропа елдері қатаң коронавирус шектеулерінен бас тартуға шешім қабылдады. 17 ақпаннан бастап Швейцарияда дүкенге, театрға немесе мейрамханаға медициналық маскасыз кіруге болады. Бетперде тағу талабы қоғамдық көліктерде, сондай-ақ банктерде, супермаркеттерде, дәріханаларда және пошта бөлімшелерінде қолданылады. Басқа жерлерде бұл тек ұсыныс ретінде қалады. Сондай-ақ бұл елде бүгіннен бастап «ковид куәлігі» талап етілмейді. Алайда, билік бұл ережелер күзде суық тию маусымында қайтадан күшіне енуі әбден мүмкін екенін ескертеді.



Германия коронавирусқа қарсы шектеу шараларын кезең-кезеңімен алып тастауға дайындалуда. Шектеулердің көпшілігі шамамен бір айдан кейін, яғни 20 наурызда жойылады деп жоспарланып отыр. Елде негізгі ережелер міндетті болып қалады. Олар - бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелері. Алайда, бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде футбол матчтары, концерттер және достармен кездесу сияқты жиындарға жиналатын адамдар санына шектеу қойылмайды. Қазіргі таңда бұл елде кездесу жиындарға максималды 10 адам жиналуына рұқсат берілген.


Аустрияда барлық шектеу шарасы 5 наурыздан бастап алып тастау жоспарланып отыр. Түнде кафелер мен мейрамханалардың жұмысына тыйым салынбайды, қоғамдық орындарда тамақтана беруге болады. Коменданттық сағат та алып тасталады. Бетперде тағу талабы қоғамдық көліктерде, сондай-ақ банктерде, супермаркеттерде, дәріханаларда және пошта бөлімшелерінде қолданылады.



АҚШ-тың денсаулық сақтау ұйымы «омикрон» штамымен байланысты жағдайлар саны азайып жатқандықтан, COVID-19 пандемиясының келесі кезеңіне дайындалып жатыр. Агенттіктің мәліметінше, мұндай шешім АҚШ-тың көптеген штаттары COVID-19 шектеулерін жеңілдете бастағаннан кейін қабылданған. CDC мәліметтері бойынша, коронавирус жұқтыру дерегі алдыңғы аптамен салыстырғанда 40%-ға, ауруханаға түскендердің орташа саны 28%-ға, ал қайтыс болғандардың орташа саны 9%-ға төмендеген.



Ұлыбританияда да коронавируспен ауруханаға түскен науқастар саны азайған. Соңғы 24 сағатта 54,000-нан астам жаңа жағдай тіркелген, бұл өткен аптамен салыстырғанда 13%-ға аз. Бұл елде үкімет қосымша шаралар енгізуді қарастырмайды.


Африка елдері коронавирусқа қарсы 29 миллион доза вакцина алады. Континенттегі коронавирустық дағдарыс проблемасын ЕО елдерінің басшылары ЕО-Африка саммитінде егжей-тегжейлі талқылайды. Осылайша, олар әлемде вакциналау деңгейін арттырып, елдерге пандемиядан аман қалуға көмектесуді жоспарлап отыр.


Израильде коронавирус төлқұжаттарын жою туралы шешім қабылданды. Ақпан айының басында Израиль үкіметі коронавирус ауруының төмендеуі аясында көптеген карантиндік шектеулердің жойылуын қолдады. Израильде карантин шектеулерінің көпшілігі жойылды. Енді ел 1 наурыздан бастап COVID-төлқұжаттарын қолдануды тоқтатады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.