AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Дәурен Абаев Үкімет Алтын Орда бойынша ғылыми және...

Дәурен Абаев Үкімет Алтын Орда бойынша ғылыми және мәдени жобаларға қолдау көрсететінін жеткізді

Білім және ғылым 30.10.2022, 07:37 2,331
Дәурен Абаев Үкімет Алтын Орда бойынша ғылыми және мәдени жобаларға қолдау көрсететінін жеткізді
Сурет: Inform.kz

Жезқазғанда «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған әлемнің жетекші ғалымдары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.





Тарихшылар, мемлекет қайраткері және талантты әскери қолбасшы «Әлемді дүр сілкіндірген» ұлық Ұлыстың ұлы билеушісінің үлкен ұлы Жошы ханның саяси мұрасының маңызды рөлін атап көрсетті.


Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ғылыми дискурста қай елді, қай этнос пен қай халықты империяның тікелей мұрагері деп атауға лайық екендігі туралы дау-дамай жиі кездесетінін атап өтті. Бұл ретте Алтын Орда кеңістігінде қазақ мемлекеттілігінің саяси, мәдени, этно-тілдік және шаруашылық-экономикалық негіздері жинақталғанын айтқан жөн.



«Орда ыдырағаннан кейін үлкен еуразиялық кеңістікте Қазақ, Астрахан, Сібір, Қазан, Хиуа, Бұқара, Қасым хандықтары, сондай-ақ Ноғай Ордасы пайда болды. Әрине ғылыми пікірталастардың болғаны жөн, бірақ сонымен қатар басты мақсат пен миссия-тарихи шындықты іздеу екендігін ұмытпау маңызды. Және де біз осынау ұлы ұлыстың аясында ондаған халық бейбіт қатар өмір сүрген, сауда-саттық жасаған, қалалар салған орасан зор империяның мұрасын бөліске түсіріп жатқанда, тарихи тар кезеңдер туып, идеология ойыны басталатыны естен шықпау керек», – деді Дәурен Абаев.



Министр осыдан тура бір жыл бұрын, сол кездегі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жұмыс сапарымен жүріп, Мемлекет басшысы Алтын Ордаға арналған халықаралық ғылыми конференция өткізу туралы бастама көтергенін еске салды. Қазір Жошы ханның жерленген жерінен 70 шақырым жерде орналасқан жетекші ғалымдар Жошы Ұлысын зерттеуге маманданған халықаралық академиялық қоғамдастықтың қалыптасу процесін жеделдететін жаһандық тақырыптарды көтеруде.



«Ең алдымен, Алтын Орда өз заманының қуатты және ең ірі империяларының бірі болғанын, оның керемет мәдениеті, әдемі қалалары, мұздай қаруланған қуатты армиясы, орнықты әкімшілік қызмет жүйесі бар екендігін түсіну маңызды. Оның аумағында әртүрлі дінді ұстанған, әртүрлі тілде сөйлеген көптеген халықтар бейбіт өмір сүрді. Олардың қатар өмір сүруі орта ғасырлар үшін диалог мәдениетінің, өзара байытудың, өзгелерді құрметтеудің және кемсітпеудің ең сирек үлгісін көрсетті», – деп атап өтті Дәурен Абаев.



Министр сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Алтын Ордаға арналған ғылыми және мәдени жобаларды қолдауды жалғастыратынын айтты.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын орда #Жезқазған #Жошы хан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);