ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Дәстүрлі ән байқауы

Дәстүрлі ән байқауы

Мәдени Алматы 16.11.2024, 10:12 1,025
Дәстүрлі ән байқауы
Айгул Колумбетова
Алматыда Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жүсіпбек Елебековтың 120 жылдығына арналған ІІ Республикалық колледжаралық дәстүрлі әншілер байқауы өтіп жатыр.

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жүсіпбек Елебековтың 120 жылдығына арналған ІІ Республикалық колледжаралық дәстүрлі әншілер байқауы өтіп жатыр.

Байқау Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің қолдауымен Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде ұйымдасты­рылып отыр. Республикалық іс-шара Жүсіпбек Елебеков ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Байқаудың алғысөзін айтқан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, колледж директоры Жеңіс Сейдоллаұлы іс-шара мақсаты Жүсіп­бек Елебековтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу екенін атап өтті. 

– Жүсіпбек Елебеков атындағы бай­қау екінші рет өткізіліп жатыр. Ол – еліміздің тарихындағы бірегей тұлға. Байқауды өткізудегі мақсатымыз – дәс­түрлі әнді жоғалтпай, ұрпақтар сабақ­тастығын жалғастырып, оны жастарға жеткізу. Бұл кісілердің мұрасын қазіргі жастар біліп, әрі қарай жалғастырып кетулері керек. Сол кезде біздің еліміздің болашағы жарқын болады, – деді Жеңіс Сейдоллаұлы.

Байқау басталмай тұрып барлық қатысушылар мен іс-шара қонақтарына Жүсіпбек Елебеков туралы «Бірегей» атты қысқаша деректі фильм көр­сетілді. Сондай-ақ, екі күнге созылған байқау күндері ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазы, ҚР мәдениет саласының үздігі Шолпан Даржан, ҚР мәдениет қайраткері Армат Ислямгалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұр­жан Жанпейісов шеберлік дәрістерін өткізді. Екінші күні Республикалық колледжаралық дәстүрлі әншілер бай­қауы Ықылас атындағы халық музыка­лық аспаптар музейінде өтті. 

Айта кеткен жөн, Жүсіпбек Елебе­ков атындағы республикалық эстрада- цирк колледжінің тарихы – ХХ ғасыр­дың 60-шы жылдарынан бастау алады. КСРО аумағында Мәскеу мен Киев эстрада студияларынан кейінгі үшінші, ал республика көлемінде алғашқы бо­лып шаңырақ көтерген білім ордасы­ның қалыптасып шыңдалуына, қазақ мәдениетінің айтулы тұлғалары, Қа­зақстанның халық әртістері: Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Кәукен Кенжетаев, Ыдырыс Ноғайбаев, Бақыт Қарабалина, Бекен Жылысбаев, Хабидолла Тастанов, Фатима Балғаева, Мағауия Хамзин, Зейнеп Қойшыбаева, Нұрғиса Тлендиев және т.б. өнер саң­лақтары зор үлес қосты.

1967 жылы Гүлжихан Ғалиеваның жетекшілігімен студияның алғашқы түлектерінен елімізде алғашқы «Гүл­дер» эстрадалық жастар ансамблі, сон­дай-ақ, «Қазақ мемлекеттік циркі», «Мемлекеттік қуыршақ театры» құрыл­ды. 1992 жылы студияға училище мәр­тебесі және «Қазақстанның халық ар­тисі» Жүсіпбек Елебековтың есімі беріліп, 3 жылдық оқу мерзіміне көшірілді. Ал 1995 жылы оқу-білім ор­дасы қазіргі заман талабына сай кол­ледж мәртебесіне ие болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.