AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Дастарқан басында бірге тамақтану бақыт сезімін ес...

Дастарқан басында бірге тамақтану бақыт сезімін еселейді

Әлеумет 23.03.2025, 17:46 961 Nursok82
Дастарқан басында бірге тамақтану бақыт сезімін еселейді
Сурет видеодан алынды

Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу басқалармен бірге жиі тамақтанатын адамдар өзін анағұрлым бақытты сезінетінін және өмірге риза болатынын көрсетті.

Зерттеу биылғы Бақыт туралы бүкіләлемдік баяндама үшін жасалды. Ғалымдар 142 елден 150 мың адамның мәліметін талдады. Сонымен, дастарқан басында көппен бірге ас ішу адамға керемет игі әсер етеді екен. Бұл жасына, жынысына, еліне қарамастан барлық адамға тән жақсы сезім. Жақындарымен бірге түскі-кешкі асты бірге ішетін адамдар жалғыз өзі тамақтанатын адамдарға қарағанда өз өмірін бірнеше баллға жоғары бағалаған. (Сауалнама бойынша 0 – нашар өмір, 10 – керемет өмір). 

Тіпті адам жұмыссыз болса да, достарымен кездесіп, бір шыныаяқ шай ішіп жүрсе, өзін жалғыз сезінбейді дейді зерттеушілер. Зерттеуге қарағанда, үлкен қалалардағы жастардың көбі жалғыз тамақтанады екен, бұл урбанизацияға, қаладағы қарбалас тіршілікке байланысты болса керек.

Сегіз жылдан бері Бақытты өмір рейтингі бойынша Финляндия бірінші орында. Халқымыз дастарқанды киелі санайтыны тегін емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дастарқан #бірге тамақтану #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);