ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Дарынды жастар - ұлт болашағы

Дарынды жастар - ұлт болашағы

Мәдени Алматы 12.12.2024, 15:40 667
Дарынды жастар - ұлт болашағы
Сурет: Әдебиет институты
«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, PhD докторанты, ақын Бауыржан Мырзақұлдың жуырда жарық көрген «ТОЛУНАЙ» жыр жинағы мен...

 «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, PhD докторанты, ақын Бауыржан Мырзақұлдың жуырда жарық көрген «ТОЛУНАЙ» жыр жинағы мен «Қожа Ахмет Ясауи кім?» атты танымдық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

Сондай-ақ жас ғалым Бауыржан Мырзақұлдың осы жылдың басында Ташкентке барған іссапарында тапқан Қожа Ахмет Ясауидің «Құдіретнама» шығармасы және «Соңғы саны бірдей сандарды көбейтудің оңтайлы тәсілі» атты кітапшасының мазмұны таныстырылды. 

Іс-шараны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы жүргізді.

Басқосуда «Қожа Ахмет Ясауи кім?» кітабының жарыққа шығуына қаржылай қолдау көрсеткен меценат, «Алматыметроқұрылыс» АҚ компаниясының басшысы, кәсіпкер Қайрат Реимов, әлемдік бестселлер кітаптарды қазақ тілінде сөйлетіп жүрген «Мазмұндама» жобасының авторы, Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқан, «Балдырған» журналының аға тілшісі, ақын Құл-Керім Елемес, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иснитутының бас ғылыи қызметкері, әуезовтанушы-ғалым Гүлзия Пірәлі, Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлжаһан Орда жас ақын Б.Мырзақұлдың шығармашылығы туралы сөз сөйледі. Ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері Есенгелдиев Сәкен мен Әсіпбай Нұргелді әндер орындады.

Тұсаукесер рәсіміне Институттың ғылыми қызметкерлері, белгілі қаламгерлер және студент жастар қатысты.

–Бізді жастардың өсіп-өніп өркендегені қуантады. Ғылым мен шығармашылықты қатар ұстап еңбектеніп жүрген Бауыржан сияқты жігіттер қатары көбейе берсін. Тек еңбек ету керек. Адам еңбектенсе бәрі болады, – деді М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директоры К.Матыжанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.