AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Дәрігерлер радикалды ағымдардан қалай сақтану кере...

Дәрігерлер радикалды ағымдардан қалай сақтану керектігін талқылады

Заң мен тəртіп 16.06.2025, 11:15 586 dulatbekova
Дәрігерлер радикалды ағымдардан қалай сақтану керектігін талқылады
Сурет: Gov.kz

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасында маңызды кездесу өтті.

Бұл жолы ақ халатты абзал жандар тек емдеу емес, қоғамның қауіпсіздігі туралы да сөз қозғады. Жиынның басты тақырыбы – діни экстремизмнің алдын алу, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шара ұйымдастырушысы – Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы. Мақсат – дәрігерлердің құқықтық сауатын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамыту арқылы радикалды тұжырымнан қорғануға көмектесу.

Бас спикер ретінде дінтанушы, АТТ мүшесі Әбдіхамитов Бақдәулет Халиуллаұлы сөз сөйледі. Ол радикалды ағымдардың белгілерін нақты мысалдармен түсіндіріп, олардың адамдарды қалай арбайтынын және соған қарсы қандай тәсілдер қолдануға болатынын баяндады.

Жиын барысында интернет арқылы белгісіз тұлғалардан білім алу қаупі де кеңінен сөз болды. Ақпараттық кеңістіктегі радикалды ықпалдан қорғанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар осындай шаралар дәрігерлердің экстремизмге қарсы иммунитетін қалыптастырып, қауіп-қатерге төтеп беруге көмектесетініне сенім білдірді. Қоғамдық тұрақтылықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#радикалды ағымдар #сақтану #діни экстремизм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);