ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Дәрігерлер қажылыққа баратындарды менингококқа қар...

Дәрігерлер қажылыққа баратындарды менингококқа қарсы екпе алуға шақырды

Медицина 13.06.2022, 17:07 1,464
Дәрігерлер қажылыққа баратындарды менингококқа қарсы екпе алуға шақырды
Cурет: Ашық дереккөз
Бес айда менингококк инфекциясының тек 11 жағдайы анықталды

Бес айда менингококк инфекциясының тек 11 жағдайы анықталды


Қазақстан дәрігерлері қажылыққа ниеттенген азаматтарды сапар алдында менингококк инфекциясына қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мәлім етілгендей, қажылықтан оралғандардың аталған індетті елге әкелу қаупі бар.


2020 және 2021 жылдары кіші және үлкен қажылыққа ниеттенгендер коронавирус пандемиясынан бұл рәсімді орындаудан бас тартуға мәжбүр болды.


Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, менингококк жұқпасының өршуі 2000 жылы болды. Ол уақытта қажылыққа барған 18 елдің азаматтарынан және олардың жақындарынан менингококк инфекциясының 400-ден астам оқиғасы анықталды.



«2018 жылы елде менингококк инфекциясы тіркелді. Онда ресми статистика бойынша 96 адам індет жұқтырды, оның 45-і – 18 жасқа дейінгі балалар. Яғни қажы тек өзінің денсаулығына емес, сонымен бірге отбасының, достарының, әріптестерінің, туыстарының денсаулығына да қауіп төндіреді. Қажылыққа баратын ер адамдар арасында инфекция жұқтыру 86% дейін жетеді»,- деді дәрігер.



Спикердің сөзінше, биыл эпидемиологиялық ахуал қолайлы. Бес айда менингококк инфекциясының тек 11 жағдайы анықталды.


2006 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі арасында келісім бар. Оған сәйкес қажылар елден шықпас бұрын міндетті түрде менингококқа қарсы екпе алуы тиіс. 2022 жылы вакцинацияны еліміздің сегіз өңірінде – Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізу жоспарланған.


Айта кетейік, бұл инфекцияға қарсы екпе ақылы, құны 26 – 46 мың теңге аралығында.


Қажылыққа баруға COVID-19 қарсы вакциналанған 65 жасқа дейінгі адамдарға рұқсат етіледі.
Еске салайық, биыл Сауд Арабиясы елімізден 3 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат бергенін жазған болатынбыз.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес, 3 мың квота конкурс талаптарына сәйкес келген 14 туроператор арасында бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.