ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Дәрі-дәрмектің бағасы арзандай ма?

Дәрі-дәрмектің бағасы арзандай ма?

Әлеумет 27.01.2025, 13:46 654
Дәрі-дәрмектің бағасы арзандай ма?
Сурет видео скрині
Ел бойынша QR-код арқылы тегін дәрі-дәрмек беру жобасы іске қосылды, бұл жалған рецептілерді жазу және ұрлау тәуекелдерін азайтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ел бойынша QR-код арқылы тегін дәрі-дәрмек беру жобасы іске қосылды, бұл жалған рецептілерді жазу және ұрлау тәуекелдерін азайтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Дәрілік заттар мен медицина бұйымдарын сараптау ұлттық орталығының (ДЗСҰО) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Бұған дейін "СК-Фармация" ұйымында жүргізілген талдау сатып алу құнының негізсіз артуымен байланысты елеулі тәуекелдерді анықтаған болатын.

Белгілі болғандай, бұл мәселелер тікелей ДЗСҰО қызметімен байланысты.

Негізгі тәуекелдер – шығындар мен жеткізушілердің үстемеақысы туралы ақпараттың жабықтығы, ақпараттық жүйелердің бөлшектенуі және деректерді қайта тексеру механизмінің болмауы.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары жеткізушілердің көлік шығындарына, маркетингке және сапаны бағалауға негізсіз үстемеақы енгізу арқылы дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыруға мүмкіндік берген.

Нәтижесінде дәрі-дәрмектердің тіркеуден өткеннен кейін дәріханалар сөрелеріне түсуіне дейінгі бағасы екі еседен астам өскен.

Осыдан үлкен фармацевтикалық компаниялар артық пайда тапқан.

Агенттік Денсаулық сақтау министрлігіне негізсіз үстемеақыларды жою және мониторинг жүргізуге арналған бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша ұсыныстар енгізді.

Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен осы салада баға белгілеу жүйесін цифрландыру бойынша Жұмыс тобы құрылды.

Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсыныстарына сәйкес дәрі-дәрмектердің шекті бағасы мен сатып алу тәртібіне қатысты денсаулық сақтау министрінің үш бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Нәтижесінде негізсіз үстемеақылар алынып тасталды, бұл кейбір дәрі-дәрмектердің бағасының төмендеуіне оң әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.