ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды: "Сенбілік тек ресми сипатта өтпе...

Дархан Сатыбалды: "Сенбілік тек ресми сипатта өтпеуге тиіс"

Алматы 03.07.2025, 18:10 658
Дархан Сатыбалды: "Сенбілік тек ресми сипатта өтпеуге тиіс"
Алматы әкімдігі
Дархан Сатыбалды экологиялық ағарту мен аудандардың тазалығын бақылауды күшейтуді тапсырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылдың III тоқсанында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Жиынға аудан әкімдері, қала басқармалардың басшылары және тиісті сала өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан қала әкімі бастаманы іске асыру жүйелі көзқарас пен күнделікті бақылауды талап ететінін жеткізді. "Таза Қазақстан" акциясы ерекше бақылауда. Біздің міндетіміз – бір реттік сенбіліктер өткізу емес, көшелерде, аулаларда және халықтың санасында нақты өзгерістерге қол жеткізу", – деді Дархан Сатыбалды.

Игі іске жүйелі түрде дайындалу мақсатында жеті негізгі бағыт бойынша 81 іс-шараны қамтитын Жоспар-тапсырма жасалып, қала секторы бойынша күнделікті бөлінетін желілік кесте әзірленген.

Жиында акцияға қатысты ақпараттық жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізуге ерекше көңіл бөлінді. Ауқымды медианауқан басталып, ұрандар, бейнероликтер, аудиоөнімдер әзірленіп,160 LED-экранда, тұрғын үйлердің лифтілерінде, метро мен радиостанцияларда, әлеуметтік желілерде көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, акция аясында қалалық экофестивальдер өтіп, оларға қоғам қайраткерлері де қатысып жатыр.

Кеңес барысында Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев пен Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева есеп берді. Алатау ауданында сенбіліктер тұрақты өткізіліп келеді, көшелерді көріктендіру және аулаларды тазалау жұмыстары қолға алынған. Наурызбай ауданында бейберекет қоқыс тастау, абаттандыру тәртібінің бұзылуы мен заңсыз жарнама орналастыруға қарсы бақылау жұмыстары күшейтілген.

"Саябақтарға, өзендерге, магистральдарға, субұрқақтарға әртүрлі мекеме жауап береді. Соның салдарынан үйлесімділік жоқ. Әлі күнге дейін суару, көгалдандыру, жарықтандыру, қоқыс шығару сияқты мәселелер шешімін таппаған. Бұл тек шеткі аймақтарға ғана емес, қаланың орталығына да қатысты. Мұндай болмауы керек. Сенбіліктер ресми сипатта өтпеуге тиіс. Барлық қызмет қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қатысуы қажет, – деді қала әкімі.

Кеңес қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды Экология және қоршаған орта басқармасына III тоқсандағы "Таза Қазақстан" акциясының Жоспар-тапсырмасының орындалуын ерекше бақылауға алуды, Қоғамдық даму басқармасына қала тұрғындары арасында экологиялық ағартуды күшейтуді және тазалық мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жандандыруды, ал аудан әкімдеріне барлық іс-шараның, соның ішінде ұйымдар мен заңды тұлғалардың қатысуымен өтетін сенбіліктердің сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.