ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды: Маңыздысы – тек ағаш отырғызу ем...

Дархан Сатыбалды: Маңыздысы – тек ағаш отырғызу емес, оған күтім жасау

Алматы 25.09.2025, 16:06 547
Дархан Сатыбалды: Маңыздысы – тек ағаш отырғызу емес, оған күтім жасау
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі экологиялық мәдениеттің және тұрғындар жауапкершілігінің маңызын атап өтті

Алматыда фандоматтар орнатылып, мыңдаған пластик бөтелке жиналды

Алматы қаласы әкімдігінде Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қала күніне орай өткен сенбілікке 6 мың тұрғын және 178 техника жұмылдырылып, 1,5 мың текше метр қоқыс шығарылды.

Қоқысты бөлек жинау жүйесі жолға қойылды: әкімдік жанындағы жобалық кеңсе аясында қалаға 65 фандомат орнатылды. Олардың көмегімен 176 мың пластик бөтелке және 45 мың алюминий банка жиналды. Жиналған қаражат «Аралды құтқару» қорына аударылды. Ал «Мейірімді қақпақша» акциясына 216 мектеп пен 194 балабақша қатысып, барлығы 1,26 миллион қақпақ тапсырды.

«Жасыл аула» бағдарламасы жалғасуда: көктемде тұрғындарға 1,3 мың көшет берілді, қазір аулаларға ағаш алуға өтініш қабылдаудың жаңа кезеңі басталды.

Қала аудандарында да ауқымды жұмыс атқарылуда. Әуезов ауданында 971 аулаға қызмет көрсетіліп, 35 мың ағаш санитарлық мақсатта кесілді, сондай-ақ 2025 жылы 28 жаңа техника алынған. Түрксіб ауданында 486 көше тазартылып, үш ауысымды кесте енгізілді, 57 қоқыс орнына камера орнатылды. 2025 жылы сквер, ойын алаңы және автосуару бойынша 32 жоба жүзеге асырылды.

Ең бастысы – акцияға қатысу ғана емес, отырғызылған көшеттерге күтім жасап, өсімдіктің ерекшелігін ескеру екенін қала әкімі ерекше атады. 

«Іс-шараны тек өткіздік деп қана қоюға болмайды. Әр тұрғын алған көшетіне дұрыс қарап, қаланың көгалдануына үлес қосуы қажет. Көгалдандыру кезінде өсімдіктердің сыртқы үйлесімін ғана емес, табиғи ерекшеліктерін де ескеру маңызды. Газонға судың аз мөлшері жеткілікті болса, бұталарға көбірек қажет. Егер осыны елемесек, не газон, не бұталар қурап қалады. Соның салдарынан артық шығын шығып, қаланың көрінісі де бұзылады», – деді Дархан Сатыбалды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды қайта өңдеп, дамытуға және тұрғындарды қаланы көріктендіру ісіне тартуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.