ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы су құбырын қай...

Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Алматы 24.09.2025, 11:25 392
Дархан Сатыбалды Жетісу ауданындағы су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданында ұзындығы шамамен 2 шақырым болатын су құбыры желісінің қайта жаңғырту барысын өзі тексерді. Жұмыстарды тапсырыс беруші – «Алматы Су» МКК, мердігер –...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Жетісу ауданында ұзындығы шамамен 2 шақырым болатын су құбыры желісінің қайта жаңғырту барысын өзі тексерді. Жұмыстарды тапсырыс беруші – «Алматы Су» МКК, мердігер – «СК Megaron» ЖШС атқаруда.

Оқиға орнында қала әкімі мердігерге жұмыстың кестеден кешігіп жатқанын айтып, қатаң ескерту жасады.

«Жұмыстар кідіріссіз аяқталуға тиіс. Қазанда жылыту маусымы басталады, алда жаңбырлы күндер тұр, бір минутты да жоғалтуға болмайды. Тәулік бойы жұмыс істеңіздер, ешқандай кідіріс болмауы қажет», – деп атап өтті әкім.

Дархан Сатыбалды мердігерлерді жеке жауапкершілікке шақырып, жобаның орындалуы өзінің тікелей бақылауында екенін жеткізді.

Қайта жаңғырту жұмыстары Герцен көшесі бойында – Рысқұлов даңғылынан Вильямс көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,9 шақырым желінің 847 метрі – магистральдық, ал 1 шақырымнан астамы – абоненттік желі.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың тамызында басталды. Бастапқыда мердігерге қарашаға дейін мерзім берілген болатын. Алайда әкім тапсырмасымен жұмыстар жеделдетіліп, Жетісу ауданының тұрғындары жылыту маусымының басында суға қол жеткізуге тиіс.

Қазір 560 метрде топырақ қазылып, 456 метр құбыр төселді, 420 метрде кері толтыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ диаметрі 630 мм болатын 12 тармақ құбыр орнатылып, 8 темірбетон құрылғысы қойылды. Барлық кезең аяқталғаннан кейін мердігер шамамен 1 900 шаршы метр жол жабындысын қалпына келтіруге міндетті.

Қайта жаңғырту жұмыстары Жетісу ауданы тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен сенімді түрде қамтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.