ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды ардагерлерді Қарттар күнімен құтт...

Дархан Сатыбалды ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Алматы 01.10.2025, 14:50 476
Дархан Сатыбалды ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады
сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен, Қалалық ардагерлер кеңесінің президиумы мүшелерінің қатысуымен Қарттар күніне орай кездесу өтті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен, Қалалық ардагерлер кеңесінің президиумы мүшелерінің қатысуымен Қарттар күніне орай кездесу өтті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Әкім ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың еңбегіне, тәжірибесіне және құндылықтарға адалдығына зор ризашылығын білдірді.

«Біздің қоғамда аға буынға деген шынайы құрмет – жай ғана дәстүр емес, мәдениетіміз бен ұлттық санамыздың маңызды бөлігі», – деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, ардагерлер – баға жетпес өмірлік тәжірибенің иелері, олар рухының мықтылығымен үлгі болатын жандар.

 «Сіздердің еңбек пен төзімдеріңіздің және сенімдеріңіздің арқасында Алматы да, бүкіл Қазақстан да бүгін мақтан тұтар деңгейге жетті. Біз сіздер бастаған істі жалғастырып, жеткен жетістікті еселеп, жаңа даму көкжиегін ашып келеміз», – деп атап өтті қала басшысы.

Дархан Сатыбалды қарттарды әлеуметтік қолдауға арналған іс-шаралар туралы кеңінен айтты. 2022 жылдан бері Алматыда «Белсенді ұзақ өмір» жобасы табысты жүзеге асуда. Оның аясында құрылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жылына 500 мыңға дейін қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, «Алтын жас» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Ол зейнеткерлерге үш жыл мерзімге жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Жалақының бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен төленеді. Осының арқасында 1 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Қалалық ардагерлер кеңесін қолдау үшін Ішкі саясат басқармасы арқылы үш жылдық жоба жүзеге асырылуда, сондай-ақ қызметтік автокөлік мәселесі шешілді. Мыңға жуық қария санаторий-курорттық емделуге мүмкіндік алды.

Әкім қарт тұрғындарды әлеуметтік және медициналық қызметпен сапалы қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтті.

 «Ардагерлерімізді қолдау, оларға лайықты өмір сүру жағдайын жасау – қоғамдағы абыройлы орнын қамтамасыз ету – біздің қасиетті борышымыз», – деді Дархан Сатыбалды.

 

Мегаполис басшысы жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне Қарттар айының аясында мәдени, спорттық және білім беру іс-шараларын күшейтуді, Ардагерлер кеңесімен өзара іс-қимылды нығайтуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.