AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Данияр Елеусінов: Өз елімнің астанасында чемпион б...

Данияр Елеусінов: Өз елімнің астанасында чемпион болу бұйырсын!

Спорт 16.12.2021, 13:01 1,657
Данияр Елеусінов: Өз елімнің астанасында чемпион болу бұйырсын!
Сурет: Sportx.kz

Екі күннен соң батырымыз жұдырықтасады


18 желтоқсан күні 16:30-да елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Халықаралық бокс кешіндегі екінші басты кездесуде аса ауыр салмақ өкілі, қос олимпиада қоласының иегері Иван Дычко (10-0, 10 КО), тәжірибелі ресейлік боксшы Александр Устиновпен (36-5-1, 27 КО) қолғап түйістіреді. Ал танымал боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) мысырлық Абдумонем Саидпен (22-1-1, 11 КО) жекпе-жек өткізбек. Одан бөлек, бокс кешінде елімізге танымал Дәурен Елеусінов, Дәулет Дәукенов, Айдар Шәрібаев және Ангелина Лукас секілді боксшылар күш сынасады.


Сонымен қатар ел кәсіпқой боксының тарихында араға 20 жыл салып алғаш рет 55,3 келі салмақ дәрежесі бойынша, Ержан Залилов пен Ескендір Харсан, Қазақстан чемпионы атағына KFPB титулы үшін таласқа түседі. Бокс кеші аясында жанкүйерлер 13 қазақстандық боксшының өнерін тамашалай алады.



«Қазақстанның Тәуелсіздігі құтты болсын! Осындай маңызды күн үшін, қонақжайлылықтарыңыз үшін өте қуаныштымын! Жаңа титул үшін жекпе-жекке осылай жағдай ұйымдастырғандарыңыз үшін көп рахмет!» - деді аргентиналық Хуан Эрнан Леал елордада өткен баспасөз мәслихатында.



Өз кезегінде Данияр Елеусінов барша қазақстандықтарды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.



«Отыз жылдық қарсаңында керемет шоу өткелі жатыр. Барша ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Бәрі жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Боксшыларымызға тек сәттілік тілеймін. Жанкүйерлерге де қызықты болады деп ойлаймын. Титулдық кездесудің өз елімде өтіп жатқаны мен үшін үлкен мәртебе. 2013 жылы Алматы қаласында әлем чемпионы атанған едім, енді астанада да чемпион болуды бұйырсын», - деді Д. Еелеусінов.



Сондай-ақ, 17 желтоқсан күні сағат 13:30-да бокс кешінің жұлдыздары ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізеді.


Спорт жанкүйерлері 18 желтоқсанда Данияр Елуесіновтің чемпиондық жекпе-жегін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ел #бокс #жұдырықтасу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);