ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / COVID-19 пандемиясынан кейін артық салмаққа шалдық...

COVID-19 пандемиясынан кейін артық салмаққа шалдыққан балалар саны көбейген

Әлем 02.05.2024, 07:51 1,160
COVID-19 пандемиясынан кейін артық салмаққа шалдыққан балалар саны көбейген
Сурет: Freepik.com
COVID-19 пандемиясы артық салмақ пен семіздікке шалдыққан мектеп жасындағы балалар санының артуына әкелді.

COVID-19 пандемиясы артық салмақ пен семіздікке шалдыққан мектеп жасындағы балалар санының артуына әкелді.


Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamuy.kz.


Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқы мен күнделікті тәртібін зерттеу 2021 және 2023 жылдар аралығында ДДСҰ Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекеттің 17-де жүргізілді. Оған 50 мыңнан астам бала қатысты.


Баяндама 7-9 жас аралығындағы артық салмағы бар балалар санының артқанын растайды. Бұл пандемия кезінде балалардың компьютер экрандары мен басқа құрылғылардың алдында көп уақыт өткізіп, физикалық белсенділіктің аз болуымен байланысты, деп хабарлайды ұйым сарапшылары.


Сонымен қатар, зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқан балалардың 42%-ы өзін бұрынғыға қарағанда бақытсыз сезінген. Әрбір бесінші бала мұңайып жүретінін айтқан, ал әрбір төртіншісі жалғызсырап жүргенін жүргенін айтқан.


ДДСҰ пандемия балалардағы семіздікпен күресудің шұғыл қажеттілігін атап өтті: аймақтағы елдер дамудың барлық кезеңдерінде балалардың дұрыс тамақтануы мен физикалық белсенділігіне басымдық беруі тиіс. Бұған қол жеткізу үшін ұйым денсаулыққа зиянды өнімдерді жарнамалауға және оларға салынатын салықтарға шектеу қою, тағамды нақты таңбалау және диетаны жақсарту, мектептерде дене белсенділігін ынталандыру шараларын ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.