AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Чехияда пластик ыдыс пайдалануға тыйым салынды

Чехияда пластик ыдыс пайдалануға тыйым салынды

Әлем 31.01.2022, 04:00 1,831 Almaty-akshamy
Чехияда пластик ыдыс пайдалануға тыйым салынды
Cурет: afisha.nyc

Кәсіпкерлерге жаңа ережелерге бейімделуге 2 ай уақыт берілді


Чехия дәмханаларында пластик ыдысты пайдалануға тыйым салынды. Бір реттік қолданылатын ас құралдарын, тәрелкелер мен түтікшелерді енді тұтынуға болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
 
Бұл талапты Еуроодақ 3 жыл бұрын қойған болатын. Бірақ ресми Прага аталған шартты орындауға асықпай жүрген еді. Былтыр экологтар Чехияның ірі қалаларындағы қоқыстың 70 проценті пластиктен тұратынын дәлелдеп, дабыл қақты. 


Жаңа заң Прагадағы саудагерлерге қиын соғуда. Бұған дейін сатылымға, адам жинауға, әлеуметтік арақашықтық сақтауға арналған ковид шектеулерінен зардап шегіп келген кәсіпкерлер енді ыдыс-аяғын ауыстыруға мәжбүр. Бұл өзгеріс бизнесмендердің қалтасын қаға бастады. 



«Әлбетте, қыруар шығынға батамыз. Әрбір тиынымызды санап отырған шақта бұл үлкен соққы болды. Фастфудтың бір палаткасына кемінде 500 доллар жұмсауымыз керек. Оның үстіне пластикті не нәрсемен ауыстыратынымызды әлі толық шешкен жоқпыз. Әзірге ағаш құралдар алып жатырмыз. Стақандар мен тәрелкелерді қағаз түрімен ауыстырдық. Бірақ олар өте қымбат және тез бүлінеді», - дейді саудагер Омерта Закик.



Пластиктен құтылмасқа амал жоқ. Себебі көшеде одан аяқ алып жүргісіз. Салдарынан құстар мен жануарлар қырылып жатыр. Ресми мәлімет бойынша, жылда Чехияда 300 миллион пластик түтікше, 80 милллион ас құралы және 40 миллион стақан сатылады. Енді жылына 2 миллиард пластик ыдысқа қысқару керек. 



«Мақта таяқшаларына, көбікті полистирол стақандарына да тыйым салынды. Бұдан басқа гигиена заттарына, дымқыл майлықтар мен темекі өнімдеріне байланысты талаптар енгізілді. Енді өндірушілер тұтынушыға бұл өнімдерді қалай жою керектігі туралы ақпарат беруі тиіс. Темекі шығаратын компаниялар шылым қоқыстарын өздері тазалап отыруға міндеттелді», - дейді қалалық экология бөлімінің басшысы Павол Трна.



Жаңа заңды Чехия сауда инспекциясы мен санитарлық қызмет мекемелері қадағалайды. Бизнесмендерге ережелерге бейімделуге 2 ай уақыт берілді. Одан кейін заң бұзғандарға айыппұл салынып, кәсібі жабыла бастайды. Ал экологтар келесі кезекте Парламентке пластик шөлмектерді тұтынуға тыйым салу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пластик #Ыдыс #Чехия #тыйым #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);