ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / БҰҰ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін жүзеге а...

БҰҰ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін жүзеге асыру идеясын қолдады

Экономика 19.04.2023, 14:55 2,332
БҰҰ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін жүзеге асыру идеясын қолдады
Сурет: Egemen.kz
Женевада Орталық Азия елдері делегацияларының кездесуі өтті.

Женевада Орталық Азия елдері делегацияларының кездесуі өтті.


Басқосуда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін жүзеге асыру идеясын қолдады. Ұйымның аймақ экономикасына арналған арнайы бағдарламасын тиімді дамыту жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан БҰҰ-ның Арнайы бағдарламасын Орталық Азия экономикасын дамыту үшін қолдануды жалғастырады. Еліміз жобаны одан әрі дамытуды қолдайды.



«Біз бұл бағдарламаны ұлттық бастамалар мен БҰҰ-ның аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірегей алаң деп қарастырамыз. Көлік бағыттарын әртараптандыру, сауданы ынталандыру, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру Қазақстан экономикасының басты бағыттарының бірі болып саналады», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.


«2022 жыл БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы үшін өзгерістерге толы, күрделі жыл болды. Біз Қазақстанның халықаралық ұйым алаңында жүзеге асырған шараларын жоғары бағалаймыз. Қазақстан тарапы Алматыда экономикалық форум мен Басқарушы Кеңестің отырысын өте жақсы ұйымдастырды. Кездесулерде маңызды шешімдер қабылданды», - дейді БҰҰ Еуропалық экономикалық кеңесі атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясин. 



Министр Әзірбайжанның БҰҰ-ның арнайы бағдарламасына төрағалық жасауына қолдауын білдірді. Осы елдің Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапарына тоқталды. Бауырлас мемлекеттер халықаралық ұйым мен Орталық Азиядағы бастамаларын үйлестіріп отыруға уағдаласқанын атап өтті.



«Қазақстанның көшбасшылығымен аймақта көлік, энергетика, сауда, орман және тұрғын үй салу салаларында жаңа ынтымақтастық түрлері дамып келеді. Өңірде энергетикалық серіктестікке де көп ден қойылып отыр. Біз Қазақстан және шекаралас елдермен суды пайдалану, жасыл энергетикаға көшу, көмірқышқыл газын шығаруды азайту және көлік саласында бірлесіп әрекет етуге күш салып жатырмыз», - дейді БҰҰ Еуропалық экономикалық кеңесі атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясин.



Орталық Азия елдерінің өкілдері басқосуда сауда, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және жасыл технология мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық пен ұйымның тұрақты даму мақсаттарын қарастырды. Кездесу соңында бірлескен қарар қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.