ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына Қазақстан...

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына Қазақстан делегациясы қатысуда

Саясат 22.09.2021, 04:45 1,742
БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына Қазақстан делегациясы қатысуда
Сурет: Inform.kz
«Жақсылыққа сеніммен өмірге төзімділікті нығайту». БҰҰ Бас Ассамблеясының бұл жолғы сессиясының тақырыбы осылай аталды.

«Жақсылыққа сеніммен өмірге төзімділікті нығайту». БҰҰ Бас Ассамблеясының бұл жолғы сессиясының тақырыбы осылай аталды. 


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығының жұмысына қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


ҚазАқпарат сайтының хабарлауынша, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19 пандемиясымен күрес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық, орнықты даму, сондай-ақ климаттың өзгеруі мәселелері болды. Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылатын болады. Сессия шеңберінде жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шаралар, оның ішінде азық-түлік жүйелері жөніндегі саммит, энергетика жөніндегі жоғары деңгейдегі диалог, COVID-19 жөніндегі жаһандық саммит, теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобына мүше мемлекеттердің министрлік кездесуі, ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне жәрдемдесу жөніндегі министрлік конференция өтеді.


Қазіргі сессия гибридті режимде өтуде. Нью-Йоркке 120-ға жуық шет мемлекеттердің өкілдері келіп, пікірталастарға қатысады. Бас халықаралық мінберден әлемге 196 БҰҰ-ға мүше елдер және байқаушылардың мемлекет, үкімет, сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен жоғары өкілдері сөз сөйлейді. Қазақстан Республикасының атынан бейне үндеу форматында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының бағдарламасында бірқатар екіжақты кездесулер мен көпжақты іс-шараларға қатысу жоспарланған.


Бірінші күні Министр М.Тілеуберді Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис, Сингапур Сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнан, Аустрия Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг, Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад және Черногория Сыртқы істер министрі Джордже Радуловичпен екіжақты бөлек келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар, Министр Аустрия Канцлері Себастьян Курц ұйымдастырған «Ауғанстан халқын, әсіресе, Ауғанстан мен өңірдегі әйелдер мен балаларды қорғау» бойынша жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелге қатысты.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.