ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Бүлдіршіндер де  робототехниканы меңгергісі келеді

Бүлдіршіндер де  робототехниканы меңгергісі келеді

Білім және ғылым 19.12.2024, 15:27 865
Бүлдіршіндер де  робототехниканы меңгергісі келеді
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласы әкімдігі мен қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының  қолдауымен  №109 балабақшада  педагог Я.А.Пословскаяның робототехника бойынша авторлық бағдарламасының тұсаукесері өтті....

Алматы қаласы әкімдігі мен қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының  қолдауымен  №109 балабақшада  педагог Я.А.Пословскаяның робототехника бойынша авторлық бағдарламасының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Малғаждарова, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы А. Сағиева, қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері Л. Раимова және Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы А.Нұралиева қатысты. Сонымен қатар, Медеу аудандық және Алматы қаласындағы мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары қатысты.

Бұл күні робототехника бүкіл  әлемдегі ғылыми зерттеулердің басым бағытына яғни  өндірістің жоғары технологиялық салаларына еніп отыр.  Қарап отырсаңыз, робот  біздің өмірімізде күнделікті тұтынатын теледидар яки телефон сияқты қалыптасқан затқа айнала бастады.  Бір кездері «роботтар адамның алмастырылмайтын көмекшілері болмақ, бірқатар қауіпті және ауыр жұмыстарды өз мойындарына алатынына ешкім күмән келтіре алмайды»-деген сөздер  шындыққа айнала бастағандай.

Жиынды ұйымдастырушылар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын оқу үдерісінде «Botley» роботының мүмкіндіктерімен таныстырып,  оларды мектепке дейінгі балалар үшін қызықты және тиімді робототехника әрекеттерін жасауға үйретті.  Аталмыш шара аясында педагогтер білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін бағдарламалау дағдыларын базалық деңгейде дамытып, өзара  іс-тәжірибе алмасты.

 Ұйымдастырушылар  робототехниканы балалардың логика, шығармашылық және коммуникация сияқты әртүрлі құзыреттіліктерін дамыту үшін қалай қолдануға болатынын көрсетті.  

Жалпы, бұл бағдарлама мектепке дейінгі білім беруде робототехниканы қолдану саласындағы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттырып,  тәрбиешілердің  технологияны оқыту  әдістерін меңгеруіне көмектеседі.

Авторлық бағдарламаның тұсаукесеріне қатысушылар «Botley» роботымен жұмыс істеу әдістерімен жан-жақты танысты.  Сондай-ақ балалардың бағдарламалау дағдыларын, логикалық ойлауын және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін робототехниканы қалай пайдалану керектігімен танысуға мүмкіндік беретін шеберлік сабақтары мен практикалық жаттығуға қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.