AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Бұл мен үшін принципті мәселе»: Ерболат Досаев –...

«Бұл мен үшін принципті мәселе»: Ерболат Досаев – Медеу ауданындағы 50 мың тұрғынның сумен қамту мәселесі қалай шешілді

Әлеумет 27.02.2025, 12:06 892
«Бұл мен үшін принципті мәселе»: Ерболат Досаев – Медеу ауданындағы 50 мың тұрғынның сумен қамту мәселесі қалай шешілді
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым мәселесін шешу, алыс орналасқан шағын аудандарды сумен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Бұрын көтерілген көптеген мәселе бүгінде шешімін тапты. Былтыр Каменск үстірті бойынша қаншалықты дүрлікпе болғанын бәрі ұмытты. Қазір ауданның 50 мың тұрғыны тұрақты сумен қамтылды, бұл мәселе қайта көтерілмейді. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Биыл біз ауданның батыс бөлігінде жұмыс жүргіземіз, ал келесі жылы шығыс бөлігіне, оның ішінде су бұру жүйелері мен желілердің құрылысын қолға аламыз. Себебі тұрғындар септиктерді пайдаланғандықтан, таулардың жылжуына қауіп төнеді. Бұл мәселе мен үшін аса маңызды», – деді қала басшысы. 

Еске салсақ, Медеу ауданындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында бұрын су және кәріз жүйесі болмаған алыс шағын аудандар қамтылды. Осылайша, биыл наурызда «Каменск үстірті» шағын ауданының батыс бөлігінде 7 мың тұрғынды сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін 50 шақырым тарату желілерінің құрылысы басталады. Жұмыс 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталады.

Сондай-ақ, биыл Музтау, Сұлусай, Атырау, Алатау, Кіші Станица және Таулы қырат шағын аудандарында тағы 100 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынады. 

Маңызды жобалардың бірі – 2024 жылдың шілдесінде резервтік сумен жабдықтау жүйесінің іске қосылуы болды. Бүгінде бұл жүйе Талғар жерасты су көздерінен тәулігіне 32 мың текше метр су жеткізіп, Самал, Көктөбе және Таулы қырат шағын аудандарының 50 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу ауданы #инфрақұрылым #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);