AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бүгінгі Малшылар күні неге өз деңгейінде аталып өт...

Бүгінгі Малшылар күні неге өз деңгейінде аталып өтпейді?

Әлеумет 12.06.2022, 10:05 1,449
Бүгінгі Малшылар күні неге өз деңгейінде аталып өтпейді?
Сурет: Osken-onir.kz

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысына сәйкес, маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні болып бекітілген. «Shopan-ata» Қазақстан қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев ҚазАқпарат тілшісіне осы атаулы күннің неге кең ауқымда мерекеленбей жатқаны туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«Қазақта жақсы сөз бар. «Әкімі ақынын іздеген ел озады, ақыны әкімін іздеген ел тозады» дейді. Былтыр Президентке ұсыныс айтып, хат жаздық. Ол кісі қолдап, Малшылар күнін Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне бекіту туралы тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы министрлігі соны алып, күнтізбеге енгізуге қауқары жетпеді. Сонда Президенттің шешімі бар, Үкіметтің қаулысы бар. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінен бір маман Электронды Үкімет порталына хабарласып, Үкімет қаулысы бойынша Мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне Малшылар күнін қосу керек деп айтуы керек еді. Қарап отырсаңыз жай бір техникалық мәселе ғана. Соны да жасамаған. Шалағайлықтың салдар ы нан қазақ шаруаларының осылай ескерусіз қалып жатқаны өкінішті», - дейді Алмасбек Садырбаев.



Оның ойынша, бұл күнде тым болмағанда салаға жауапты басшылардың әлеуметтік желіде шаруаларды құттықтауына болатын еді.



«Облыс әкімдері, Үкімет басшысы, Ауыл шаруашылығы министрі шаруаларды кәсіби мерекесімен құттықтап, тым болмағанда әлеуметтік желіге салса, сол да жетер еді. Бірақ олар құттықтамады екен деп, «тонымызды отқа жақпаймыз». Құдайға шүкір, қарапайым ел құттықтап, БАҚ өкілдері іздеп жатыр. Өз атымнан әріптестерімді ортақ мерекемен құттықтаймын. Өрісіміз, қорамыз малға толсын. Үйіміз жанға толсын. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген асыл міндетті абыроймен атқара берейік. Әр қазақ малды, жанды болсын!» - деп түйіндеді.



Осы сұрақты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне де қойдық. Ондағылар министрдің құттықтауы ведомствоның ресми сайтына сәл кейінірек жарияланатынын айтты. Аталған сайтта 14 мамырда жарияланған ресми дерек бойынша, 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағытталады. Бұл салада мемлекеттік қолдаумен субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты көзделіп отыр. Ал 2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға әкімдіктер 108,1 млрд теңге бағытталып, республикалық бюджеттен қосымша 13,6 млрд теңге бөлінген.


Еске салсақ, Малшылар күнін күнтізбеге енгізу туралы Үкімет қаулысы 2021 жылдың 14 шілдесінде жарияланған болатын .




Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #малшылар күні #облыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);