ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспап...

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне 90 жыл толды!

Мәдениет 25.06.2024, 11:52 909
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне 90 жыл толды!
Сурет: Gov.kz
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі – Қазақстандағы аспаптық музыка өнері тарихындағы алғашқы кәсіби және бірегей оркестр.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі – Қазақстандағы аспаптық музыка өнері тарихындағы алғашқы кәсіби және бірегей оркестр.

Ұжым бүкіл әлемге қазақтың мәдениетін, көркем өнерін, теңдесі жоқ дала сазы мен ерекше аспаптарын таныстырып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оркестрді 1934 жылы Ахмет Жұбанов құрған. Әр жылдары ұжымды дарынды музыканттар - Шамғон Қажығалиев пен Нұрғиса Тілендиев басқарды. Олар Жұбановтың ісін жалғастырып қана қоймай, репертуардың баюына өз үлесін қосты.

1944 жылы оркестрге қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді. Оркестр 1967 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы, 1978 жылы Академиялық оркестрі атағын иеленді. 1984 жылы Оркестр «Халықтар Достығы» орденімен марапатталды, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ұлттық» мәртебе берілді.

Бүгінде оркестр ұжымында 135 адам еңбек етіп жатыр. Бір жыл ішінде оркестр 100-ден астам концерт берді, көрермен саны 45000 адамға жетті. Ал музыканттардың репертуарлық қоры 5000-нан астам шығармаға дейін жетеді.

Мерейтойға орай Қазақстанда да, шетелде де бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр. Музыкалық ұжым Түрікменстанға барып, Ашхабад көрермендерінің алдында өнер көрсетіп, оларға қазақ халық музыкасының мол мұрасымен таныстырады.

Мерейтойлық тур аясында оркестр Қарағанды мен Қостанайда жарқын әрі есте қаларлық шығармаларын тарту етеді.

Мерекенің қорытынды кешінде қазақ музыкасының классикалық туындылары мен жаңа композициялар орындалатын гала-концерт өтеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.