ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Бүгін – Қарулы күштердің Мәдениет және өнер қызмет...

Бүгін – Қарулы күштердің Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Мәдениет 25.05.2025, 13:38 559
Бүгін – Қарулы күштердің Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Сурет: Gov.kz
Мамырдың әр төртінші жексенбісінде ҚР Қарулы күштерінің Мәдениет және өнер қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді.

Мамырдың әр төртінші жексенбісінде ҚР Қарулы күштерінің Мәдениет және өнер қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді.

Қазақстан армиясындағы шығармашылық кәсіптер өкілдерін біріктіретін орталық мәдениет мекемесі – Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы көпфункционалды мекеме болып табылады. Бұл орталық 2015 жылы ашылды. Оған Орталық ансамбль, Орталық әскери оркестр және өңірлік гарнизондардың филиалдары кіреді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Орталықта жиырма мыңнан астам экспонаты бар Қарулы күштердің Әскери-тарихи музейі жұмыс істейді. Мекеме мамандары сирек кездесетін тарихи және мәдени ескерткіштерді дәріптеу, оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери тарихқа қатысты бірегей құжаттар мен фотосуреттерді сақтау жөнінде қажырлы жұмыс атқарып келеді.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Бүгінде 280 мыңнан астам бала мен жасөспірім «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысына біріктірілді. Қозғалыс тәрбиеленушілері әскери-патриоттық клубтарда, «Жас сарбаз» сыныптарында және Smart Sarbaz үйірмелерінде әскери істің негіздерін меңгеруде. ҰӘПО жанындағы «Жас сарбаз» шығармашылық студиясында Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің балалары домбыра тартуды, ән салуды және хореографияны үйренеді.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта үшінші жыл қатар мерзімді қызмет сарбаздарының шығармашылық взводы әскери борышын өтейді. Қызмет аяқталған соң жастар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Олар жоғары оқу орындарына жеңілдік шарттарымен түсе алады немесе Қарулы күштердің шығармашылық ұжымдарында келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруына болады.
Қарулы күштердің мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің күнделікті еңбектерімен патриотизмді қалыптастыруға, елдің мәдени мұрасын сақтауға және нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.