ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Бүгін – Дүниежүзілік ақпаратты басқару күні

Бүгін – Дүниежүзілік ақпаратты басқару күні

Керек кеңес 17.02.2022, 05:09 2,887
Бүгін – Дүниежүзілік ақпаратты басқару күні
Сурет: Viperson.ru
Ақпанның үшінші бейсенбісінде атап өтілетін Бүкіләлемдік ақпаратты басқару күні тағы бір атаулы күнмен тығыз байланысты. Ол 1992 жылы Ақпараттандыру халықаралық форумының шешімімен Дүниежүзілік...

Ақпанның үшінші бейсенбісінде атап өтілетін Бүкіләлемдік ақпаратты басқару күні тағы бір атаулы күнмен тығыз байланысты. Ол 1992 жылы Ақпараттандыру халықаралық форумының шешімімен Дүниежүзілік ақпарат күні ретінде белгіленген және ол 26 қараша күні аталады. Ақпаратқа қатысты күнтізбеде бір-біріне ұқсас екі күннің белгіленуі қалай деген заңды сұрақ туындайды.


Қарашадағы мереке ақпараттың қазіргі замандағы маңыздылығын көрсетуге, біз өмір сүріп отырған ғасырдың ақпарат ғасыры екенін тағы бір мәрте еске салу үшін арналған.


"Ақпаратқа ие адам әлемді басқарады" деген ұран ХХ ғасырда маңызды бола бастаса да, ХХІ ғасырда да құнын жоймады. Бұған көп нәрсе себеп болды: ақпаратты тарату технологияларының дамуы және оны сақтау, ақпараттың  жылдам тарауы, берілетін ақпараттың сипаты мен көлемінің кеңеюі және т.б.


Ақпаратты берудегі жеңілдік, жылдамдық, ауқымының кеңеюі мен онымен алмасудың қолжетімділігі, ақпаратты сақтау замануи қоғамның ажырамас бір бөлігіне айналды.


Алайда, біздің өміріміздегі көптеген факторлар сияқты ақпараттың жақсы жағымен бірге, зиянды тұстары да қатар жүреді. Ақпарат қайнап жатқан өмірде көптеген күнделікті мәселелерді шешуге, техногенді немесе табиғи апаттардың зардабын ескертуге, бір нәрседен хабардар етіп, үйрету сипатына ие, байланыс орнатуда да жақсы көмекші. Дегенмен де, оның кері жақтары да бар: субъективті көзқарастардың себебінен таратылған ақпарат жалған болуы да мүмкін және сонысына қарай адамдарда үрей тудыруы мүмкін, жалған көзқарастар мен ойлар қалыптастыруы ықтимал. Қай жағынан алып қарасақ та, бұл себептер ақпаратты басқарумен тікелей байланысты,


Міне, осы атаулы күн нақтылай айтқанда, ақпаратты басқаруға арналған. Бұл ретте ақпаратты басқару ұғымының астарында көптеген ұғым бар: ақпаратты талдау, оны қорғау, оны тарату немесе беру нұсқалары, сақтау.


Бұл датаны ақпаратты құру, тарату, пайдалану және жою тиімділігіне жауапты, яғни белгілі бір салаларда (денсаулық сақтау, құқық тәртібі, дипломатия, қорғаныс, білім беру, т.б) қызмет ететін түрлі сала өкілдері атап өтеді. Мұндай салалардың әрқайсысында ақпаратты басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар.


Ақпаратты басқару процесінде, жалпы алғанда, әртүрлі деңгейдегі ақпараттың үлкен көлемінің берілуі оның бағытталған соңғы пайдаланушыға қалай жететіні, оның қалай қабылдайтыны маңызды. Оның (қарапайым азаматтың) өзі - «алушы» ғана емес, сонымен қатар белгілі бір ақпараттың көзі. Осыған байланысты Дүниежүзілік ақпаратты басқару күні әрбір адам үшін өзекті. Әрқайсымыз оны қалай дұрыс басқаруды үйренуіміз керек: талдауды, «сүзуді», сақтауды, беруді және ең маңыздысын беру керек және мұны балаларымызға түсіндіріп, үйрету керек.


Материал Calend.ru сайтынан әзірленді

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.