ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады

Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады

Сайлау-2023 05.11.2023, 04:10 3,724
Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады
Сурет: Almaty.tv
Бүгін, 5 қарашада елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау өтеді.

Бүгін, 5 қарашада елімізде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау өтеді.



Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде 50 күн бұрын тағайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сайлау күні туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.


17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қаланың тізбесін бекітті.


Сайлау 5 қарашаға белгіленді.


Кандидаттарды тіркеу сайлау комиссиясы бүкіл қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталды және сайлау күніне 25 күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталды.


Ал кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күніне 25 күн қалғанда және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша сағат 00.00-де тоқтатылды.


Сайлау алдындағы үгітті өткізу Сайлау туралы конституциялық заңмен реттелген.


Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көп дауысын жинаған кандидат сайланған әкім болып саналады.


Аумақтық сайлау комиссиялары аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне 164 кандидатты тіркеді. Олардың 69-ын саяси партиялар, ал 95-і өзін-өзі ұсынды.


Тіркелген үміткерлердің орташа жасы — 46,4 жас. Ең жасамыс үміткер Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында — 61 жаста, ең жасы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында — 29 жаста.


Үміткерлердің көпшілігі — ер адамдар. Сонымен бірге 10 әйел тіркелген.


Тіркелген кандидаттардың 20,73 пайызы — экономист, 19,51 пайызы — заңгер, 16,46 пайызы — оқытушы, 12,2 пайызы — инженер, 11,59 пайызы — ауыл шаруашылығы маманы және 19,51 пайызы — басқа мамандық өкілдері.


Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімінің сайлауындағы орташа бәсеке 3-тен асады.


Ең жоғары бәсеке Жетісу облысының Кербұлақ ауданында — бір орынға 6 кандидат.


Ең төмені Ақмола облысының Шортанды ауданында — бір орынға 2 кандидат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.