AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Брест қамалы» жастарға ой салды

«Брест қамалы» жастарға ой салды

Әлеумет 10.05.2024, 14:18 730 Нұржамал Әлішова
«Брест қамалы» жастарға ой салды
Almaty-akhamy.kz

Сотты болған жасөспірімдер жазасын өтеп жатқан мекеменің түрлі мәдени, әдеби, рухани іс-шаралар өтетін залы гүлдермен, ашық түсті шарлармен, рухты сөздер жазылған плакаттармен безендіріліпті. Балалардың өзі жасаған қабырға газеті де айтулы күннің лебін сездіреді. Мереке шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды.

Колонияда тәрбиеленіп жатқан жастар өз күштерімен концерт қойды, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады, сонау сұрапыл жылдары жазылған өлеңдерді оқыды. Әскери тақырыптағы бейнеклиптерді тамашалады.

Іс-шара барысында бір минут үнсіздік жарияланып, соғыстан қайтпай қалған аталарға құрмет көрсетілді. Әр бала тарихта қалған есімі белгілі жауынгерлерді атап жатқанда, бір тәрбиеленуші соғыстан оралмаған өз атасының есімін атағаны тіпті әсерлі шықты.

Жасөспірімдер сосын «Жеңіс күні» әнін бірге шырқады. 

«Кеш соңында балалар Ұлы Отан соғысының алғашқы ауыр жылдарындағы қайғылы оқиғаларды баяндайтын "Брест қамалы" фильмін бір деммен отырып көріп шықты. Демек, оларға ойлы картина ой салды деп ойлаймын. Мақсат та сол, аяғын жаза басып, істі болған жасөспірімдерді бейбіт өмірдің қадірін білуге шақыру, адамгершілік, қайырым, достық, Отанды сүю сынды қасиеттерді бойына сіңіру», – дейді №11 мекеменің тәрбие ісі маманы Еркегүл Жеңісхан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңіс күні #Брест қамалы жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);