ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Болашаққа бағытталған қадам

Болашаққа бағытталған қадам

Әлеумет 18.04.2025, 14:11 552
Болашаққа бағытталған қадам
лматы көлік және коммуникациялар колледжі
Алматыда көлік және логистика саласындағы құзыреттілік орталығы мен мұражай ашылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда көлік және логистика саласындағы құзыреттілік орталығы мен мұражай ашылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы көлік және коммуникациялар колледжінде «Көлік, коммуникациялар және логистика» өңірлік құзыреттіліктер орталығы мен колледж мұражайының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара білім ордасының 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ғасырға жуық тарихы бар колледж осы уақыт ішінде еліміздің теміржол саласына кәсіби мамандар даярлайтын басты оқу орындарының біріне айналды.

Жаңа орталықтың мақсаты – көлік, логистика және коммуникация салалары бойынша еңбек нарығы талап ететін заманауи дағдыларды меңгерген білікті мамандарды даярлау. Орталық ең озық жабдықтармен, симуляторлармен және цифрлық технологиялармен қамтамасыз етілген. Бұл студенттерге кәсіби машықтарын шыңдауға, ал мамандарға қайта даярлаудан өтуге мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, өзге колледж директорлары, түлектер мен студенттер қатысты.

Сол күні колледждің жаңа мұражайы да жұртшылыққа таныстырылды. Мұнда оқу орнының тарихынан сыр шертетін бірегей экспонаттар, мұрағат материалдары мен әр дәуірдің оқытушылары мен түлектерінің естеліктері жинақталған. Мұражай – колледждің өткені мен бүгінін жалғайтын, кәсіби білім беру жүйесінің үздік дәстүрлерін насихаттайтын ерекше орын.

– Өңірлік құзыреттілік орталығы мен мұражайдың ашылуы – бұл тек өткенге тағзым ғана емес, болашаққа салынған инвестиция. Біз бұл орталықтың студенттер ғана емес, тұтас өңір үшін дамудың жаңа серпіні боларына сенімдіміз, – деді колледж директоры Ербол Мағазов.

Колледж ұжымы барлық серіктестер мен қонақтарға мерейтойлық шараға қатысқаны және кәсіби білім берудің жаңа көкжиектерін бірге ашқаны үшін алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,310 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.