AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Болашақ үшін дауыс беру бәріміздің парызымыз

Болашақ үшін дауыс беру бәріміздің парызымыз

Сайлау-2023 11.11.2022, 05:51 1,860 Болтаева Айгүл, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, бизнес-техологиялар кафедрасының аға оқытушысы
Болашақ үшін дауыс беру бәріміздің парызымыз

Бүгінгі таңда әлемдік өркениет жаңаша бағытта дамып, күрделі құбылыстар орын алуда. Жер-жаһандағы бейбітшілік пен тыныштыққа нұқсан келіп, кейбір аймақтарда ауыржағдайлар қалыптасуда. Осындай күрделі өзгерістер әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі болып табылатын Қазақстанға да өз әсерін тигізетіні сөзсіз. Алайда қашанда басты ұстанымы бейбітшілік пен келісім болып табылатын елімізде мемлекеттің дамуы қалыпты жағдайда өркендеуде. Әлемдік саясатта Қазақстанның беделі жоғары. Мұның барлығы салиқалы саясатың арқасында жүзеге асуда.


Сыртқы саясатта осындай берік ұстаным ұстанған еліміздің ішкі саясатында да  аса маңызды саяси, экономикалық бетбұрыстар жүзеге асуда. Әділетті қоғам құрып, Жаңа Қазақстанның іргетасын қалыптасуда. Ал 20 қарашада өтетін кезектен тыс президенттік сайлау, жаңа басқару үлгісін қалыптастырып, биліктің жүйелі түрде ауысуын қамтамасыз етеді және Қазақстанның демократиялық мемлекетке айналуына жасалған нақты қадам болмақ. Конституциялық заңға енген өзгерістерге орай, енді Президент лауазымы жеті жыл мерзімге ұзартылып, бір ғана мерзімге сайланбақ.


Бұл әлемдік тәжірбиеден алынған демократиялық қадам. Осындай тың өзгерістер мен жаңашылдық қоғамда халық тарапынан қолдау табуда. Қазір еліміздің әр өңірдің ерекшелігі ескеріліп, оның даму бағдарламалары ұсынылуда.


Әрине ұзақ уақытта қордаланған мәселелер бірден шешімін таба қоймасы анық, оған уақыт қажет. Сол үшін барлығымыз сайлауға барып, жүйелі жұмыстың жалғасуына сенім білдіруіміз қажет. Себебі бүгінгі таңда сындарлы саясат өз нәтижелерін көрсетуде. Мысалы  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет QS Азия өңірі жоғары оқу орындарының рейтингіне еніп, 44-орынға ие болды. Сондай-ақ, «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингінде 1-ші орын алып, Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды. 2023 жылғы шығарылымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings рейтингінде үздік 6% қатарына енді. Бұл тек бір ғана оқу орнының ғана емес, тұтастай мемлекеттің мәртебесі. Өйткені ҚазҰУ «QS Asia University Rankings» рейтингіне алғаш рет әлемдік деңгейдегі Сингапур Ұлттық университеті, Пекин университеті, Токио университеті, Малай университеті, Корей университеттер секілді оқу орындарымен бірге қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Бұл әрине отандық жоғарғы білім саласы үшінде маңызды қадам. Осындай жетістіктер, білім сапасының алға жылжуы, қоғам дамуының басты көрсеткіштерінің негізі болмақ.


Мұның барлығы тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген ерекше жетістіктер. Сондықтан ырыс қонып, бақ дарыған берекелі еліміздегі бірлік пен ынтымақты қадірлеп, игілікті істерді қоғам болып қолдауымыз қажет. Ортақ мақсат, ертеңгі болашақ үшін дауыс беру бәріміздің парызымыз болмақ.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #демократия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);