ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

Білім және ғылым 20.04.2024, 09:43 1,092
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды
Сурет: Egemen.kz
Биыл алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалым» тағылымдамасына құжат қабылдау үздіксіз жүргізіледі. 2024 жылы құжат қабылдау рәсімі 29 сәуірде басталып, 25 қазанда аяқталады....




Биыл алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалым» тағылымдамасына құжат қабылдау үздіксіз жүргізіледі.


2024 жылы құжат қабылдау рәсімі 29 сәуірде басталып, 25 қазанда аяқталады. Іріктеу 10 мамырдан 30 қарашаға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.










«Болашақ» стипендиясына құжаттар eGov.kz. порталы арқылы қабылданады, ал «500 ғалым» тағылымдамасы бойынша өтінімдер алғаш рет bolashak.gov.kz-тегі «Үміткердің жеке кабинеті» бөлімінде онлайн жүргізіледі. Басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі, - деп жазылған хабарламада.



Биыл «Болашақ» бағдарламасына 555 стипендия бөлінді. Оның ішінде 395 стипендия магистратура және резидентураға, 50 стипендия докторантураға, 110 стипендия тағылымдамадан өтуге бөлінді.


Басым мамандықтар тізбесі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өтінімі, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді даму стратегиясы мен жоспары бойынша қалыптастырылды.


Сондай-ақ «500 ғалым» бағдарламасы қазақстандық ғалымдарға әлемнің беделді университеттерінде біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жыл сайын аталған бағдарламаға 500 стипендия бөлінеді.


Үміткерлерге қойылатын талаптарды, басымдық берілетін мамандықтар тізбесін, университеттер мен ғылыми орталықтардың тізімін bolashak.gov.kz сайтынан көруге болады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.