ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT...

«Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар көп бөлінеді

Білім және ғылым 03.03.2022, 06:38 2,376
«Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар көп бөлінеді
Сурет: Inbusiness.kz
Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 36%-дан 60%-ға дейін өседі.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 36%-дан 60%-ға дейін өседі.


Бұл - оқытудың осы бағыттары бойынша үміткерлерді қолдаудың қосымша шараларының бірі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Техникалық дайындық бағыттары бойынша үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді. Енді 5.0 балл жеткілікті және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл шаралар техникалық мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігін кеңейтеді.



«БҒМ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бағдарламаны қайта бағдарлау процесін бастады. Енді инженерлік-техникалық кадрларды дайындау басымдыққа ие болмақ. Сондай-ақ «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жеңілдетілген санатын енгізу қарастырылып жатыр. «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру кезінде олар міндетті түрде шетелдік университеттерге өз бетінше түспейді. Олар алдымен тіл курстарынан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдай алады», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Әнуар Жанғозин.



Ауылдық жерлерден келген үміткерлердің де мүмкіндіктерін арттыру жоспарланып отыр. Мысалы, IELTS нәтижесімен ағылшын тілін меңгеру деңгейін 5.0 балға дейін төмендету, ауылдық жерлерде міндетті тұру мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту жоспарда бар, оларға тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндік беріледі. Одан бөлек, аудандық маңызы бар қала тұрғындарын қосу арқылы ауылдық жерлерден кандидаттардың контингентін кеңейту және олардың санын ұлғайту ұсынылды.


Сондай-ақ 23 техникалық шетелдік университетті үздік 250 халықаралық академиялық рейтингіне кіретін QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings және БРИКС елдерінің жетекші 20 ұлттық рейтингтеріне енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сонымен қатар кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия докторантураны бітірген стипендиаттарға, сондай-ақ әлемнің жетекші Fortune-500 компанияларында тағылымдамадан өту үшін стипендиаттарға бір жылдық мерзімді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.


Барлық процесті оңайлату, автоматтандыру және ашықтық бойынша жұмыс жалғасады. Академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін стипендия беруге конкурстық іріктеу прокторинг пен античитингтің жетілдірілген жүйесімен жүзеге асырылады. Онлайн формат және бизнес-процестерді одан әрі автоматтандыру іріктеу жүйесін одан да ашық, қолжетімді, ыңғайлы және ұтқыр етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.