AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Боксшыларымыз төрт салмақта топ жарды

Боксшыларымыз төрт салмақта топ жарды

Спорт 06.09.2021, 10:21 1,643
Боксшыларымыз төрт салмақта топ жарды
Сурет: Gov.kz

Отандық спортшылар сәтті өнер көрсетті


Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің дерегінше, ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында боксшылар бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кеше жартылай финал қорытындысы бойынша, ақтық сынға шыққан 6 былғары қолғап шеберіміздің төртеуі өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ. Жалпы, бұл жарыста 26 салмақта (13-і ұлдар, 13-і қыздар арасында) жүлде жиынтығы сарапқа салынды десек, боксшыларымыз соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).


48 келіде Анита Адишева өзбекстандық Робияхон Бахтиёрованы, 54 келіде Виктория Байдукова ресейлік Эвита Аверьянованы сенімді ұтты. Сонымен қатар 60 келідегі Ұлжан Сәрсенбек те өзбекстандық Мухлиса Тохировадан басым түссе, ұлдар арасында финалға жолдама алған жалғыз боксшымыз Мырзахан Мәуленов (66 кг) Беларусь спортшысы Владислав Кузнецовтан мықты екенін көрсетті.  



Ал Бақыт Сейдіш (70 кг) пен Томирис Мырзақұл (52 кг) финалда қарсыласына жол берді. Алғашқысы өзбекстандық Ойша Тоировадан, екіншісі ресейлік Анастасия Коольден ұтылды. Қола жүлдеге ие болған боксшылар: Жандарбек Ізбасаров (44-46 кг), Ислам Машкентаев (48 кг), Сұңғат Расулов (50 кг), Нұрислам Қалдыбаев (52 кг), Мадияр Отар (54 кг), Ерасыл Мұстафинов (57 кг), Ерсұлтан Төлеген (60 кг), Әділ Қасымов (63 кг), Әлинұр Өмірбеков (70 кг), Батырхан Сейтенов (75 кг), Нұрасыл Бауыржан (80 кг), Дельфина Әбілхан (44-46 кг), Карина Тоқубай (50 кг), Аружан Жаңабаева (66 кг), Назерке Рысбай (80 кг).



Қазақстан бокс бәсекесінде 15 алтыны бар Ресей мен 7 алтыны бар Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғасты. Айта кетейік, сайысқа 2005-2006 жылы туған, яғни 15-16 жастағы жас былғары қолғап шеберлері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боксшы #Салмақ #топ #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);