AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Блогер туралы заң шықты

Блогер туралы заң шықты

Заң мен тəртіп 09.09.2023, 08:07 1,162
Блогер туралы заң шықты
Сурет: ашық дереккөз

10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін заң 60 күннен кейін, яғни 2023 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енетіні хабарланды.


Заң онлайн-платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы қылмыстық жауапкершілік пен әкімшілік жауапкершілік енгізіліп жатыр.


Онлайн-платформалардың қарапайым қолданушылары үшін айыппұл 20 АЕК (2023 жылы 69 мың теңге), ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін 40 АЕК (2023 жылы 138 мың теңге) болады.


Мемлекеттік тіл онлайн-платформалардың интерфейстері мен модерациясына енгізуді жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік желі алгоритмдеріне қазақ тіліндегі мазмұнды модерациялауға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ, онлайн-платформалардың иелері жалған ақпарат пен салық төлеуден жалтарумен күресте мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндетті болады.


Әлеуметтік желідегі парақшаларында жарнама орналастыратын қазақстандық блогерлер ресми түрде кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.


"Оған қол жеткізу үшін Интернеттегі берілген ресурсты қолданушылар санын анықтау бағдарламасын құру және жергілікті уәкілетті органмен өзара әрекеттесетін заңды өкілді тағайындау талабы енгізіліп жатыр.


Егер онлайн-платформаларда заңсыз контент табылса, оны жою туралы заңды өкілге хабарланады. Бұл талап орындалмаса, уәкілетті орган онлайн-платформаның қызметін шектеуге құқылы", - деп түсіндірді бұған дейін Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев.


Сондай-ақ, интернет-алаңдарды қолданушылар өз парақшаларында орналастырған онлайн-жарнаманы таңбалауы және жалпы өз қызметін Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүргізуі қажет.


10 шілдеде Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама" заңға қол қойған еді.


"Инфлюенсер" ұғымы Қазақстан заңнамасында бекітілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #заң #Ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);